13
март
2024
«Шебер ұстаз – табысты оқушы» тақырыбында аттестаттау жобасын таныстыру

Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін тірек мектебі (ро) «Шебер ұстаз – табысты оқушы» тақырыбында аттестаттау жобасын таныстыру мақсатында ағымдағы жылдың наурыз айының 13 күні мектеп директоры Б.Т. Бектурганов ұстаздарға жиналыс өткізді. Жобаның мақсаты мен міндеттерін таныстырды. Ұсынылған жоба туралы сұрақтарға жауап беру үшін педагогтердің аттестациядан өтуге жауапты директордың ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары А.Ж. Тампиева сөйледі. Мұғалімдердің кәсіби даму факторы. Білім алушылардың жетістіктері арқылы педагог қызметін обьективті бағалау жүйесі өзін-өзі тәрбиелеуді және қызмет бабында өсуіне ынталандыру. Әлеуметтегі әділдік Академиялық адалдық деп аталатын басымдықтарға баса назар аударды. Аттестаттау комиссиясы жылына бір рет шешім шығарады. Білім беру ұйымы педагогтерге аттестаттау материалдарын қалыптастыруға жәрдемдеседі. Мектеп педагогтері жаңа форматқа ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін ауысатынын айтты. Жобада ПББ тестін басшылардың орынбасарлары тапсырады. Аттестаттауға қатысуға тыйым салу мерзімі 5 жылдан 1 жылға дейін азайтылды. ПББ нәтижесі қалаған санатына жетпеген жағдайда: санатты растау кезінде ПББ нәтижелерінен жоғары емес санат беріледі. Пәндік оқыту әдістемесі 50 сұрақ. 30 және одан да көп жыл педагоикалық өтілі бар мұғалімдер ПББ тестінен босатылады. Педагогтың үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасын да тоқтатылды. Аттестатталатын педагогтың іс-әрекеті төмендегі қадамдарды қамтиды деді.
ПББ тапсыру
Материалдар жинау
Өтініш беру
Сарапшылық комиссиясының қарауы
Аттестаттау комиссиясының шешім шығаруы сияқты негізгі мәселелерге тоқталып өтті. Ұстаздар қауымы жоба бойынша атқарылатын, іске асатын аттестаттаудың басымдықтары жайлы толық мәлімет алды.


