Директор жанындағы кеңес хаттама №9 » СШ№18 им. А.Косанулы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3244264
Есепші бөлімі:
+7(726) 3244264
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Директор жанындағы кеңес хаттама №9
22
май
2023

Директор жанындағы кеңес хаттама №9

Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін тірек мектебі


Қорытынды аттестаттау емтихандарының өткізілуі мен 2022-2023 оқу жылын аяқтау қорытындысы туралы


Хаттама №9


Өткізілген күні: 28/04/2023 ж                                                                               

Қатысқандар: (ата аналар, пән мұғалімдері) 65 адам

Күн тәртібінде:

  1. 2022-2023 оқу жылын қорытындылау және қорытынды аттестаттау емтихандарының өткізілуі, мерзімі мен емтихан алушылар тізімінің жасақталуы мәселесі. Мектеп директоры-Б.Бектурганов; ДОТІЖО- С.Раптаева
  2. Мектеп бітіруші түлектердің білім сапасы. ДОТІЖО- С.Раптаева
  3.  Әр түрлі мәселелер.

ТЫҢДАЛДЫ:

     1. Алғы сөзді мектеп директоры Б.Бектурганов алып, өз сөзінде   ағымдағы 202-2023 оқу жылын ұйымдасқан түрде аяқтау туралы айта келе, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»(Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрінің 2023 жылғы      13 сәуірдегі №96 бұйрығымен енгізілген өзгерістермен) түсіндіру жұмыстарын жүргізе келе,оқушылардың ата-аналарына балалардың мектеп қабырғасында  тәртіп бұзбауы, сабақтан орынсыз қалмауы мәселесіне жете тоқталды.

 2023 жылғы маусым айындағы 9-11 сыныптардағы қорытынды аттестаттау емтихандарының өткізілуі туралы мектептің  ДОТІЖО С.Раптаева сөз алды. С.Раптаева өз сөзінде ағымдағы оқу жылының қорытындысы бойынша  9-11 сынып білім алушыларының қорытынды аттестаттау – білім алушылардың жалпы орта білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетінін айта кетті. Сонымен қатар, қорытынды аттестаттау 4  пәннен болатынын негізгі 3 пән (қазақ тілі, алгебра, орыс тілі) міндетті,төртінші  пәнді оқушылардың таңдауы өз еркінде екендігін айтты. 

Қорытынды аттестаттау рәсімі  білім алушылар оқитын мектеп базасында өткізілетінін, сондай-ақ, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған білім деңгейіне сәйкес білім алушылардың оқу пәндерінің көлемін меңгеру деңгейін анықтау үшін өткізілетін шара екенін айтып, пән бойынша оқу бағдарламасының мазмұнын қамтитынын және оқушылардың білімдері мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартындағы күтілетін нәтижелермен анықталатынын айтты. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша  биылғы оқу жылында өзгерістер бар екенін айтып өтті. Емтиханға дайындық  жүргізу барысында жұмыстар ұйымдастырылып, қосымша сабақтар кестесі  жасалғанын айтылып, пән мұғалімдері кестемен таныстырылды.

          Сонымен қатар, емтихан күндері белгіленіп, қосымша сабақ кестесі қойылғанын, ата-аналарға қорытынды аттесттауға жауапкершілікпен қарап,   қорытынды аттесттауға  дайындық жасау үшін болатын қосымша сабақтарға уақтылы жіберіп  тұруын   және  қорытынды аттесттау  уақтысында да балаларды кешіктірмей жіберіп тұруын ескертіп өтті.

 Сонымен қатар, ата-аналарды оқушылардың дайындық деңгейі мен білімі сапасымен таныстырылды.

2.Екінші мәселе бойынша  ДОТІЖО С.Раптаева мектептегі 11 сынып оқушыларының білім сапасына тоқтала кетті. Атап айтқанда, 11 «А» сыныбы бойынша 2023 жылдың  наурыз-сәуір   айларындағы алынған сынама тест қорытындылары бойынша  100 балл және одан жоғары алған оқушылар жоқ. 80-90 балл аралығында  3 оқушы.Олар: Атабекова Аяулым, Жолдыбай Шырын, Шақырған Шыңғыс. 60-70 балл аралығы 11 оқушы.

50-60 балл аралығы 3 оқушы. Олар: Амангелді Нұрқанат, Нармат Еңлік,Кеншибек Тоғжан. Пәндер бойынша оқушылардың тест қорытындысына тоқтала кететін болсақ, дүниежүзі тарихынан Жеңісбек Бегайым 15(2), Амангелді Нұрқанат  (2), Тұрдықасым Ақниет 15 (2),Абдрахман Гулбану (19-2),  Болысбек Мирас (16-2) төмен деңгей көрсетсе, химия пәнінен де төмен көрсеткішті төмендегі оқушылар көрсетті. Ашимқұл Аружан-14-2, Жөндербек Дана 10-2, Нармат Еңлік 6-2, Кеншибек Тоғжан 11-2, география пәнінен Амангелді Нұрқанат 15-2, География пәнінен төмен көрсеткіш көрсеткен оқушылар: Амангелді Нұрқанат 15-26, Нуртаева Айдана 18-2, математикалық сауаттылықтан тест тапсырған 19 оқушыдан 5 оқушы төмен көрсеткіш көрсеткен, Атап айтқанда: Жеңісбек Бегайым, Жөндербек Дана, Нармат Еңлік, Кеңесалы Ажар, Болысбек Мирас  « деген баға алған.7 оқушы-3 деген баға, 6 оқушы -4-5 деген баға алған. Қазақстан тарихы және Оқу сауаттылығы бойынша тест нәтижесі бойынша 2 алған оқушылар болған жоқ, жалпы нәтиже орташа деңгейде. Барлығы 11 ә сыныбы бойынша 21 оқушы. Оның ішінде тестті 5 пән бойынша 7 оқушы, 4 оқушы шығармашылықтан тапсырды. Тест нәтижесі бойынша биология, химия, ағылшын және математикалық сауаттылықтан оқушылар төмен көрсеткіш көрсетті. Атап айтқанда,таңдау пәндерінен Қашқынбай Нұрзия биология-2, Құралбаева Жансая химия-2, Нұрғисақызы-2 алса, математикалық сауаттылықтан Нұрғисақызы Бірханым 2, Шекербек Жаңыл-2, Оқу сауаттылығынан Әкімбек Аяулым 2 алса, Қазақстан тарихынан 2 алған оқушылар жоқ, білім сапасы орташа деңгейде, дей келе оқушылардың тестқа дайындық жұмыстарын толық бақылауға алып, оқушылардың дайындығы мен білім сапасын күшейту керек деп сөзін қорытындылады.

3. Үшінші мәселе бойынша 9-11 сынып жетекшілері  әр түрлі мәселелерге тоқталды. Қазіргі уақытта    жасөспірімдер арасында буллинг ( әлімжеттік)   өршіп тұрғанын,  ата- аналардың балаларымен жиі  ашық   сөйлесіп тұру  керектігін айтып өтті. Оқушылардың   оқу үлгерімі, сыртқы келбеттері мен сабақтан кешігу, себепсіз   қалу мәселесін де қозғап өтті. Ата-аналарға  балалардың тәртібі мен оқу үлгерімдеріне баса назар аудару қажеттігін ескертті.

Сонымен қатар, С.Раптаева биыл мектеп түлектерінің білім ордасына, ұстаздарына сыйлық беруіне тыйым салынатынын және биыл мектеп бітіргені үшін, мектепте іс-шаралар өткізуге байланысты ақша жинау қадағаланатынып, қатаң тәртіпте бақылануы тиіс деді. Аталған мәселе бойынша мектеп басшылығы толық жауапкершілікте болатыны айтылып, мектеп әкімшілігі, қамқоршылық кеңесі барлық ата-аналармен мектепке немесе мұғалімдерге, сынып жетекшілеріне сыйлық жасауға болмайтындығы жөнінде жұмыс жүргізіледі және түлектердің қатысуымен өтетін іс-шаралар мектепте 11-сыныппен жұмыс істейтін педагогтердің, сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен жүргізіліп, іс-шараларды өткізу барысында әртүрлі агенттіктерді, жекеменшік студияларды не аниматорларды шақыруға болмайды. Мұндай іс-шаралар кең ауқымды болмауы қажет. Мерекелік дастарқан жаю мәселесі мүлдем қарастырылмауы тиіс. Мектеп бітірушілер бірнеше автомобиль жалдап, аудан ішін, жергілікті жерлерді араламауы керек. Мейрамхана, дәмхана және басқа да көңіл көтеру орындарында түлектердің қатысуымен шаралар болдырмау үшін ата-аналармен тиісті жұмысты жүргізілуі қажет», – деді ДОІЖО С.Раптаева


Шешім:


1.Оқушылардың емтиханға дайындығы ата-аналар тарапынан қадағалансын.

2.Оқушылар қосымша сабақтарға қатысып, емтиханға дайындық жұмыстары күшейтілсін. 

3. Мектеп бітіру кештері, іс-шаралардың өз деңгейіне өтілуі қатаң бақылауға алынсын.



          Хатшы:                                                          Ж.К.Рахметилдаева   







Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив