22
декабрь
2025
Мамандық-болашақтың бастауы!
2025 жылдың желтоқсан айында мектебімізде «Мамандық – болашақтың бастауы. Әркім өз жолын таңдайды» тақырыбында кәсіби бағдар беру бағытында оқушылар арасында сюжеттік бейнебаян түсіру жұмысы ұйымдастырылды. Мақсаты – оқушылардың болашақ мамандыққа деген қызығушылығын арттыру, өз қабілетіне сай дұрыс таңдау жасауына бағыт-бағдар беру.Оқушылар түрлі мамандық иелерінің еңбегін бейнелейтін бейнероликтер дайындап, актерлік қабілеттерін көрсетті. Бейнебаяндарда дәрігер, мұғалім, биші, жол полициясы, футболшы,тәрбиеші ,тігінші маманы сияқты мамандықтардың қоғамдағы рөлі кеңінен ашып көрсетілді. Оқушылар шығармашылықпен жұмыс жасап, кәсіби бағдар алуға мүмкіндік алды.Оқушылардың мамандыққа деген көзқарасын қалыптастыруда және мақсат қоюға ұмтылуында маңызды рөл атқарды.



