2024-2025 оқу жылында Республикалық «Мектепке жол» акциясының басталуы
Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін тірек мектебі (р о)
2024-2025 оқу жылында білім алушылардың жекелеген санаттарына
«Мектепке жол» акциясының басталуы тұралы Анықтама
Жамбыл ауылы 26.07.2024 жыл

Меркі ауданының білім бөлімі Жамбыл облысы әкімділігінің білім басқармасының 20.07.2023 жылғы №01-4147 хатына сәйкес жекеленген санаттағы отбасы балаларына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында дәстүрлі Республикалық "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы өтетіндігін хабарлайды.Ағымдағы жылы секция 1 тамыз 30 қыркүйек аралығында өткізіледі. Акцияның мақсаты-әлеуметтік осал топтағы отбасылардан шыққан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке дайын болмауының алдын алу үшін әлеуметтік көмек көрсету.