Республикалық "Мектепке жол"қайырылымдық акциясының үйымдастыруы
Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін тірек мектебі (р о)
2024-2025 оқу жылында білім алушылардың жекелеген санаттарына «Мектепке жол» акциясының ұйымдастырылуы тұралы
Анықтама
Жамбыл ауылы 29.08.2024 жыл
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығы Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету ,мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары негізінде Меркі ауданының білім бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 25 ші шілдеде шыққан 337 бүйрығына сәйкес Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жылпы орта білім беретін мектебінде1 тамыз - 31 тамыз аралығында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізілді.
Акцияның мақсаты - аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу болып табылады.
Осыған орай,мектеп тарапынан ұйымдастыру комитеті құрылып, "Мектепке жол" акциясының мектепшілік бұйрығы шығарылды және жоспары бекітілді.
Мектебіміз 2023-2024 оқу жылын 914 баламен аяқтады ата-аналар жалпы саны 412,толыққанды жанұялардың саны 362,толық емес жанұялардың саны 50,жартылай жетім отбасылар саны 12,көпбалалы жанұялардың саны 121,жайсыз отбасылар саны- 0,мүгедек ата-аналар саны 8.
Білім бөлімінен бүйрық келген күннен бастап мектеп жанындағы алқалы басқару органы және сынып жетекшілерімен бірлесіп ата-аналардың әлеуметтік материалдық жағдайын зерделеу натижесінде 6 отбасындағы қамқоршылықтағы 9 оқушыға,әлеуметтік атаулы көмек алатын 10 отбасынан 24 оқушыға,қамқоршылық кеңесінің 2 шілдедегі № 3 хаттамасының шешшешімімен 43 отбасынан 111оқушыға оның ішінде (көп балалы отбасынан шыққан 62 оқушы,толық емес,отбасынан шыққан өтініш негізінде әлеуметтік материалдық жағдайын зерделеу натижесінде акт жасалып қаржылай көмекке мұқтаж отбасылар деп танылды.
Жалпы саны 59 отбасының 2-11 сыныпқа баратын 144 оқушыларының тиісті құжаттары жинақталып мемлекет бюджеті есебінен 144 оқушыға 47398 мың тенгеден,6млн 825мың 312 теңге көлемінде қаражат оқушылардың ата-аналарының есеп шоттарына аударылды.
Акция жұмысын ұйымдастыру барысында аудан әкімдігінің демеушілікке тарту жоспарымен бөлім басшылары мен ауыл округі әкімдеріне көмекті қажет ететін аса мұқтаж отбасыларынан шыққан 5 отбасынан 9 оқушының тізімі берілді.
Натижесінде Жамбыл ауылдық округінің әкімі 4 оқушыға 200000 мың тенгеге мектеп формасын және сумка оқу – құрал жабдықтарын сыйға тартты ,КазСУШАР басшысы Әділқулов Малик 2 оқушыға 90000 тенгеге мектеп формасын және сумка оқу – құрал жабдықтарымен қамтамасыз етті,Аккөз Қосанұлы атындағы № 18 жоббм мектебінің директоры Бауыржан Тлешұлы Бектурганов 1 оқушыға 50 000 мың теңге көлемінде мектеп формасын, оқу – құрал жабдықтарын сыйға тартты, «АМАНАТ» партиясынан 1 оқушыға 50000 тенгеге мектеп формасы,сумка,оқу – құралдарымен табысталды.
«Мектепке жол» қайырымдылық акциясына Ақкөз Қосанұлы атындағы № 18 мектебінің ұстаздары да өз үлестерін қосып 1 оқушыға 70000 мың тенгеге толықтай мектеп формасы, аяқ киім, спорттық киім, кроссовки, мектеп сумкасы және мектепке керекті құрал жабдықтарын сыйға берді.
2024 жылдың 27 тамызына «Мектепке жол» акциясы аясында бюджет есебінен 6 млн 825 мың тенге және демеушілер тарапынан 9 оқушыға жалпы 460 мың тенгеге көмек көрсетілді,акция жұмысы әлі де жалғасын табуда.