1-10 қыркүйек аралығында «Абайлаңыз – балалар!» жедел профилактикалық іс-шара
Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы білім беретін тірек мектебі(ро)
1-10 қыркүйек аралығында өткізілетін «Абайлаңыз – балалар!» жедел профилактикалық іс-шаралардың өтілуі туралы
Хабарлама
2021-2022 оқу жылы
2021 жылдың 1-10 қыркүйек аралығында «Абайлаңыз – балалар!» жедел профилактикалық іс-шаралар жоспары құрылдып бекітілді. Жоспар бойынша бір қатар жұмыстар атқарылды.
ДТЖО Батырбекова А., АӘД мұғалімі Аманбаева Ж., «Бағдаршам» жол қозғалысының жас инспекторлары бастауыш сынып оқушыларымен жолда жүру ережесі сабақтарын және техника қауіпсіздігі жөнінде нұсқаулар жүргізді. Жол қауіпсіздігін сақтау іс-шаралары аясында оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру, ережелерді есте сақтауға үйрету, жаяу жүргіншілер мен автокөлік жүргізушілерінің жол ережесі туралы білімін кеңейту, жол белгілерін ажырата білу, жол апаттарын болдырмау мақсатында 1-сынып оқушыларына профилактикалық жұмыстар жүргізілді.