«Әкелер бізде қонақта»
Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы білім беретін тірек мектебінде (ро) 2019 жылғы
18-30 қыркүйек аралығында «Әкелер бізде қонақта» атты онкүндікке орай өткізілетін іс-шаралар дың қорытындысы
2019-2020 оқу жылы
18-30 қыркүйек аралығында «Әкелер бізде қонақта » атты онкүндікке орай өткізілетін іс-шаралар жоспары бекітілді.
2-3 сыныптар «Әке жолы-ізгі жол» өнеге сағаттары өткізілді.
7-сыныптар «Ұлттық өнер-өміршең қазына» шеберлік сыныптар өткізілді.Әкелер балаларымен бірге ұлттық қол өнерді дәріптеу мақсатында қамшы өріп, қазақтың ер-тұрманы, ат әбзелдерін жасап үйренді.
Мектеп кітапханашылардың ұйымдастыруымен «Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы» ұлы тұлғалармен кездесуөтілді..
Меркі ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының мүшесі,Ұзақ жылдар Меркі тынысы газетінде еңбек еткен ,осы мектептің түлегі Бектұрған Жамбабаевпен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында оқушыларымыз әке туралы өлеңдер оқып, әндер шырқалды.
11-сыныптар «Менің әкем-мен үшін дара тұлға» тақырыбында мәнерлеп оқу өткізілді.
8-сыныптар «Жан әкем-жан жүрегім» тақырыбында әкелерге арнап сыйлықтар әзірлеп көрме ұйымдастырылды.
7 сыныптар арасында «Әкелермен ғажайып алаңда» спорттық ойындар ойнатылды
«Менің әкем-ең жақсы адам» тақырыбында әндер жарысы ұйымдастырылды. Жарыс нәтижесінде әнді нақышына келтіріп орындаған оқушылар мен әкелер марапатталды.
«Әкелер бізде қонақта» онкүндігінің жабылуы салтанатты жиын өткізілді. Бала тәрбиесінде әкенің рөлі ерекше. Әке –отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Отбасының ынтымағы үшін отбасының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оқушыларымыз әкелерге арнап өлең шумақтарын оқыды.