07
декабрь
2021
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Жыр алыбы Жамбыл» әдеби - сазды кеш
Елдің елдігі – асылын ардақтай білуінде. Бұл тұрғыда қазақ елінің тарихында тағылымды тұстар баршылық. Дәстүрімізді дәріптей отырып, жақсымызды жарқыратып ұстау, ұлыларды ұлықтауды – тәуелсіздік туын тіккелі бері мемлекеттік саясатымыздың бір арнасына айналғаны мәлім.
Міне, тағы бір ұлы тойдың кезегі келіп , ел болып тойлайтын жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Жыр алыбы Жамбыл» әдеби - сазды кешАқкөз Қосанұлы атындағы №18жалпы орта білім беретін тірек мектебінде аталып өтті.
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отырған осы дүбірлі мерекенің басты мақсаты - сөз мәйегін кие тұтқан абыз Жамбыл жыраудың шығармашылығын, рухани бай мұрасын насихаттау.
Жамбыл – өмірімен де, шығармашылығымен де екі ғасырды молынан тұтастырып жатқан ұлы жырау. Ерлікті, елдікті дәріптеген, халықтың жоғын жоқтап, әлсіздерді күштілердің зорлығынан арашалаған, әділдікті, бостандықты жыр еткен көркем де қуатты поэзиясымен Жамбыл Жабаев сынды тұлғаларымыз өз ғасырында қазақ әдебиетінде көрнекті орын алады Әдеби кешке арнайы ауданның мекеме басшылары, ауыл ақсақалдары мен ауыл тұрғындары, БАҚ өкілі шақырылды.