06
декабрь
2023
Балалар жол-көлік жарақатының негізгі себептері
Балалар жол-көлік жарақатының негізгі себептері, төмендегі Жол жүру ережелерін бұзуында болып табылады:
- жаяу жүрушінің жолынан тыс жолдың жүру бөлігінен өтіп кету;
- рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өту;
- реттеу дабылына бағынбау;
- тұрған көлік, құрылыс, көк көшеттерге байланысты жолдың жүретін бөлігіне абайсызда шығып кету;
- тротуар бола тұра жолдың жүретін бөлігінің бойымен жүру;
- көлік қозғалысының бағыты бойынша жолдың жүретін бөлігінің бойымен жүру;
- жолдың жүретін бөлігінде және жолға таяу ойнау
Көше, жол және көліктегі ата-аналардың жеке бас тәртібі балалары үшін үлгі екенін есте ұстаған маңызды!