Бүкіл әлемдік пандемияға байланысты қашықтықтан оқыту форматы негізінде мектеп қабырғасындағы асхана жұмысы тоқтатылған.
Бүкіл әлемдік пандемияға байланысты қашықтықтан оқыту форматы негізінде мектеп қабырғасындағы асхана жұмысы тоқтатылған. Карантин режимі аяқталғанға дейін қашықтықтан оқыту аясында мектеп асханасы жұмыс жасамайды. Кезекші сыныптағы білім алушылар сақтық ережелерін сақтай отырып, мектепке өзімен бірге қайнаған су немесе қайнатылған сусын алып жүретін болады.
Алайда, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31қазандағы №598 бұйрығын іске асыру шеңберінде тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиялардың, ведомствоаралық сараптамалық топтардың қызметін жүзеге асыру бойынша ұсынымдар әзірленген. Аталған ұсынымдарды мектебімізде ата-аналар қоғамдастығының, қызмет көрсетушілердің өкілдерімен қыркүйек айының 14 күні кездесу ұйымдастырылып, кездесуде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Шаймерденова түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Яғни, шектеу шаралары аяқталған соң мектеп асханасы ұсынымға сай жұмыс жасауға, толығымен білім алушыларды тамақпен қамтуға дайын. Сондай-ақ, ас блогында жаңарту жұмыстары жүргізілген, ыдыстар мен орындықтар жаңартылған.