12
март
2025
"Отбасы зорлық-зомбылықсыз аймақ"
Ересектер мен балаларды қоса алғанда, қоғамның балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездік проблемасы, оның бала мен қоғам үшін салдары, сондай-ақ осы саладағы халықаралық заңнаманың негіздері туралы хабардар болуының мақсатында, мектеп психологтарының ұйымдастыруымен осы бағытта жұмыстар жиі жүргізіледі.
Ағымдағы жылдың 12 наурызында 7-9 сыныптардың ата-аналарымен психологтардың жылдық жоспарына сай "Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында кездесулер өткізілді.
Ата-аналарға үйдегі немесе мектеп ішіндегі бопсалаудың салдары неге әкелетінін айтып өтті және осы мәселе бойынша өз пікірлерін білдірді. Барлық кәмелетке толмағандар мен заңды өкілдерге "Сенім поштасы "және "Сенім телефоны" туралы ақпарат хабарланды.
