«Ішімдік ішу- өзіңді құрту» 9-11 сыныптармен кездесу
Ағымдағы жылдың 14 мамырында мектебімізде әлеуметтік педагог Алипбаева Гулбахрамның ұйымдастыруымен 9-11 сынып оқушыларымен «Ішімдік ішу- өзіңді құрту» "Нашақорлық ғасыр дерті"тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
Мақсаты:«Бірінші байлық- денсаулық». Өркениетті елдің әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал- ахуалы жақсы болуы үшін зиянды әдеттерден ішімдік, шылым шегушіліктен жерітіп, денсаулыққа, болашақ ұрпаққа жау екендігін ұғындыру.Маскүнемдіктің зардаптары. Маскүнем ата-аналардан туған балалар ұмытшақ, алаңғасар, халқымызға пайдасыз болып өмірге келетінін жете түсіндіру. Темекінің, арақтың зиянына ғылыми дәлелденген деректер бойынша нақты фактілермен көз жеткізу. Өркениетті елімізге лайықты зиянды әдеттерге қарсы күресетін, білімді де тәрбиелі тұлға қалыптастыру
Кездесу барысында оқушыларға «Школьникам» бейнефильмі көрсетіліп,соңында өз ойларын талқылауға уақыт берілді.Оқушылар сурет салып,ішімдіктің зияндары туралы ойларын ашық айтып,ситуациялық сұрақтарға жауап берді,білім алушыларға тақырып бойынша слайдтар көрсетілді.

