10
февраль
2023
«Табылады бар жақсылық әкелердің бойынан » тақырыбында әкелермен кездесу
Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін тірек мектебінде «Табылады бар жақсылық әкелердің бойынан » тақырыбында әкелермен кездесу өтті.
Мақсаты: - Мектеп пен отбасының өзара байланысын, қарым – қатынасын нығайту; - Отбасының қарым – қатынасындағы сенімділікті және сыйластықты қалыптастыру; - Бала тәрбиесінде Әкенiң рөлі ерекше екендігін түсіндіру.
Іс- шараны ашуға алғашқы сөз кезегін алған мектебіміздің директордың бастауыш ісі жөніндегі орынбасары Қорғанбаева Сәуле Төребековна: «Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, еңбекте жеміс пен шығармашылық табыстар тілейміз.Әкені құрметтеу - айрықша парыз. Әкенің адал күшін ақтау - өз болашағыңды сақтау. Ата - анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата - анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып - қағатын болады» деп өзінің ыстық ықыласын білдірді. Кездесу кешімізге 4- сынып білім алушыларының әкелері келіп қатысты. Іс- шарада оқушылар әке туралы өлеңдер оқып,ән шырқады. .Әкелеріне дайындаған ашықхаттарын сыйлап.тілектері мен алғыстарын айтты.
«Сіз ұлыңызды не қызыңызды жақсы білесіз бе?» бөлімінде әкелер өз баласы және бала тәрбиесі туралы сұрақтарға жауап беріп,өз ойларын ортаға салды.
«Әке көрген- оқ жонар» дегендей, әкелер балаларын қандай өнер түріне,еңбекке баулитыны туралы бейнекөрсетілім арқылы таныстырды.
Қорыта келе, ардақты әкелер, балалы болу – бақыт екенін естен шығармайық! Балаларыңызға бақытты балалық шақ сыйлай біліп қана емес, өзіңіз де болашақта мақтан тұтуға лайық, үлгілі әке болыңыз деп тілейміз. Ал нағыз өнегелі әке қандай болуы керек? Бала тәрбиесінде әке араласу керек пе? Бұл сұраққа жауап өзіңізде!
Сіздердің аялы алақандарыңызбен, жылы жүректеріңізбен тербеткен әрбір ұл-қыздарыңыз барыс текті, елін, жерін қорғайтын намысты ұрпақ болсын дегіміз келеді.