«Мұғалім мансабы: кәсібилік және көшбасшылық» коучинг » СШ№18 им. А.Косанулы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3244264
Есепші бөлімі:
+7(726) 3244264
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Мұғалім мансабы: кәсібилік және көшбасшылық» коучинг
25
апрель
2017

«Мұғалім мансабы: кәсібилік және көшбасшылық» коучинг

Коучинг тақырыбы:

«Мұғалім мансабы: кәсібилік және көшбасшылық»

Мақсаты:

Оқуға бағытталған көшбасшылық пен басқару идеясы туралы мұғалімдердің көзқарастарын қалыптастырып, түсініктерін кеңейту, мұғалімдердің тәжірибесіндегі мұғалім көшбасшылығы ұғымының маңыздылығын ашу; көшбасшылық қызметіндегі кедергілерді жою жолдарын анықтау; кәсіби ақпаратпен алмасуларды жүзеге асыру.

Күтілетін нәтижелері:

Тoптaca жұмыc aтқaрa oтырып, мұғалімдер әріптестері арасында педагогтың еңмаңыздыкәсібиқасиетініңбірі – көшбасшылықұғымы жөнінде ақпаратпен алмасып, оқытушы көшбacшылығы турaлы түciнiк қaлыптacып, өз тәжірибелерімен бөліседі.

Барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сергіту сәті. «Нұсқау беру » тренингі (топқа бөліп отырғызу)

Топқа бөлу:

Әр түрлі фигуралар арқылы топқа бөлу

Топ ережесі:

Уақытты тиімді пайдалану, тыныштық сақтау, сөзді бөлмеу, кезектесіп сөйлеу, әр топ өзінің топ басшысын сайлау.

Тaпcырмaлaрдың түрлeрi:

Тaпcырмaны oрындaу бaрыcындa қoлдaнылaтын тәciлдeр (пocтeр жacaу, пiкiрлecу, oй бөлicу, рөлдік ойын)

«Күшті ұлт болу үшін алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет. Ал сондай ұлтты алға жетелейтін білімді,патриот, еңбекшіл, өз салт-дәстүрін,мәдениетін, тілін, дінін,ділін құрметтейтін азамат нағыз көшбасшыболуға лайық»

Н.Ә.Назарбаев

«Көшбасшылық» туралы бейнеролик көрсету

Бейнебаянда сіздер нeні бaйқaдыңыздaр? т.б. (Әр тoп өз oйын oртaғa caлaды)

Бейнебаянда тамашалағандарыңыздай бүгінгі коучингте қандай тақырып қарастырылады деп ойлайсыздар?

Тақырыптың маңызын ашу

(постер қорғау)

Құрметті әріптестер, міне біз бүгінгі тақырыбымызды тереңірек талдау үшін сіздерге арнайы сауалдар беріп, топтық жұмыс арқылы бірге талқылайтын боламыз. Енді әр топтың басшылары ортаға келіп сұрақтарды таңдап, алуыңызды сұраймыз. Осы сұрақтарды топта талқылап, постер дайындап, ортаға келіп қорғауыңыз қажет.

Сұрақтар:

1. Көшбасшы болу үшін қандай қасиеттерге ие болуы керек?

2.Көшбасшылық: бұл қасиет мұғалімге қаншалықты қажет және маңызы қандай?

3. Көшбасшы оқытушыға ұжым тарапынан қолдау қажет деген пікірге қалай қарайсыз және өз тарапыңыздан қандай көмек көрсетер едіңіз?

4.Өзіңізді ұжымыңызда көшбасшымын деп сезінесіз бе?

5.Егер сіз көшбасшы оқытушы болсаңыз мұғалім мансабын қалай көтерер едіңіз?

6.Мұғалім ұжымындағы көшбасшылық іс-әрекетінде кездесетін қандай кедергілер бар?

7.Педагогтың еңмаңыздыкәсібиқасиетініңбірі – көшбасшылыққабілетінде дегенді қалай түсінесіздер?

8. Оқу-тәрбие үдерісін жақсарту мақсатында сіздің көшбасшы ретінде ұсынысыңыз?…

9. Көшбасшы ретінде мұғалімнің мәртебесін көтеру үшін не істер едіңіз?…

Түйін.

Көшбасшы ұғымына анықтама беру (презентация слайд)

Рөлдiк oйын.

«Жағдаяттарға байланысты мен көшбасшы бола аламын ба?»

Әр тoп өзiнe бeрiлгeн тaпcырмaдaғы көшбacшының рөлiн coмдaу кeрeк. Яғни, әр топ жағдаятты көрініс ретінде қойып, мәселелерді шешу қажет.

1.Сіздің ұжымдағы әріптестеріңіздің арасында ауызбіршілік жоқ. Осы жағдайды қалпына келтіру үшін көшбасшы ретінде сіз не істер едіңіз?

2.Ұжым мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты нығайту үшін көшбасшы ретінде не істер едіңіз?

3.Әріптестеріңізбен демалысқа шығып, қайықпен серуендеген кезде қайықтың ішіне су кіріп жатқанын көрдіңіз көшбасшы ретінде не істер едіңіз?

Рeфлeкcия

Кері байланыс.

Сұрақтар

Иә

Жоқ

Түсініктемесі

1. Сізге коучинг сабағының мақсаттары түсінікті болды ма?

2. Бұл мақсаттар сіздің қажеттіліктеріңізге сәйкес келетін мойындайсыз ба?

3. Коучингсабағының өткізілу барысы сіздің қызығушылығыңызды тудырды ма?

4. Коучинг сабағы кезінде қандай да бір жаңа нәрсе үйрендіңіз бе, не үйрендіңіз?

Коучингтен кейінгі рефлексия

Бүгінгі коучинг «Мұғалім мансабы: кәсібилік және көшбасшылық» тақырыбында өткізілді. Коучинг «Нұсқау беру» тренингінен басталды. Тренингте қатысушылардың қолдарына қағаз беріліп, қағазды бүктеп, жыртқызды, мұғалімдердің қағаздары әр түрлі шықты, екіншіде дәл солай қағаз таратылып беріліп, бірақ нұсқау нақты берілді, біріншісіне қарағанда екіншісінде мұғалімдердің қағаздары бірдей шықты. Қатысушыларға «Неге қағаздың біріншіде әр түрлі үлгіде шықты, ал екіншіде бірдей үлгіде шықты» деген түрткі сұрақ берілді. Қатысушылар екіншіде нұсқау нақты берілгенін айтты. Ой қозғай отырып, бүгінгі коучингтің тақырыбы мен мақсаты ашылды. Коучинг мақсаты нұсқау хатпен танысып, жүйелі, бірізділікпен жоспар жасау, сол жоспарға сүйене отырып білім беру. Коучингке қатысушылар бірлестік бойынша топқа бөлінді. Топтарға берілген тапсырмалар мен рөлдік ойындарды өте жақсы дәрежеде орындай білді. Коучинг соңында кері байланыс алынып, «Попс» формуласы бойынша рефлексия жасалынды. Коучингте пайдаланған әдістерді сабақта да тиімді пайдалануға болатынын айтты.

 

«Мұғалім мансабы: кәсібилік және көшбасшылық» коучинг

 

«Мұғалім мансабы: кәсібилік және көшбасшылық» коучинг

 

«Мұғалім мансабы: кәсібилік және көшбасшылық» коучинг

 

«Мұғалім мансабы: кәсібилік және көшбасшылық» коучинг

 

«Мұғалім мансабы: кәсібилік және көшбасшылық» коучинг

 

«Мұғалім мансабы: кәсібилік және көшбасшылық» коучинг

 

«Мұғалім мансабы: кәсібилік және көшбасшылық» коучинг

 

«Мұғалім мансабы: кәсібилік және көшбасшылық» коучинг

 

«Мұғалім мансабы: кәсібилік және көшбасшылық» коучинг

 

«Мұғалім мансабы: кәсібилік және көшбасшылық» коучинг

 

«Мұғалім мансабы: кәсібилік және көшбасшылық» коучинг

 

«Мұғалім мансабы: кәсібилік және көшбасшылық» коучинг

 

«Мұғалім мансабы: кәсібилік және көшбасшылық» коучинг

 

«Мұғалім мансабы: кәсібилік және көшбасшылық» коучинг

 

«Мұғалім мансабы: кәсібилік және көшбасшылық» коучинг

 

«Мұғалім мансабы: кәсібилік және көшбасшылық» коучинг

 


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив