Жаратылыстану - математикалық пәндер бойынша PISA тапсырмаларын орындау іс- тәжірибе » СШ№18 им. А.Косанулы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3244264
Есепші бөлімі:
+7(726) 3244264
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жаратылыстану - математикалық пәндер бойынша PISA тапсырмаларын орындау іс- тәжірибе
29
ноябрь
2022

Жаратылыстану - математикалық пәндер бойынша PISA тапсырмаларын орындау іс- тәжірибе

             Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін тірек мектебінде (ресурстық орталық) «Математика сабағында PISA тапсырмаларын орындау» тақырыбында математика пәні мұғалімі  Тюляпова Гүлнұр, биология пәні мұғалімі Ермекбаева Улбала «Биологиядан PISA тапсырмаларын орындау» тақырыбында, химия пәні мұғалімі Даулетбаева Балжан «Химия сабағында PISA тапсырмаларын орындау » тақырыбында іс-тәжірибелерімен бөлісті. Тюляпова Гүлнұр  математика сабағында PISA халықаралық зерттеу әдістері негізінде оқушыларға кейбір логикалық есептерді математикалық сауаттылықпен шығаруды үйрету, PISA зерттеу әдістері негізінде логикалық есептерге теңдеу құрып, оны шешу, талдау жасауда оқушылардың сыни көзқарасы мен таным белсенділігін арттыру; сыни ойлаудың белсенді әдістері арқылы логикалық ойлауы мен қарым-қатынас құзіреттілігін дамыту; PISA зерттеу әдістері негізінде логикалық тапсырмалар арқылы есеп мәтінін толық түсінуге, берілген шарттарға сай талдау жасау; оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, оларды зерттеушілік дағдыға икемдеуде орындалатын тапсырмалар түрлерімен таныстырды.   Биология пәні мұғалімі Ермекбаева Улбала жаратылыстану бағытындағы PISA  оқушының функционалдық сауаттылығына, жан-жақты болуына, өзінің ісіне сыни көзқарас қалыптастыра алуына жағдай жасау, оқушының білім, білік, дағдылары ерекшеліктеріне сәйкестендіріп биологиядан 6 деңгейлі құрылымын айқындайтын тест тапсырмаларын құрастырып және шешу жолдарын ұсынды.  Химия пәні мұғалімі Даулетбаева Балжан оқушылардың ғылыми – жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыруда, функционалдық дағдыларын жетілдіруде, сабақ процесінде PISA тапсырмаларын кіріктіру,химия пәнінен жаңа тақырыптарды және үй тапсырмаларын бекіту кезінде оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту үшін, теория жүзінде алған білімді практикада қолдана білу үшін PISА тапсырмаларын қолданудың маңыздылығын,  PISA тапсырмалары сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамытындығын, ғылыми жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыратынын, өмірде қолдана білуге бағыт-бағдар беретіндігі туралы айтты. Химия пәнін оқытуда оқушылардың ғылыми – жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыруда қолдануға болатын PISA тапсырмаларынан бірқатар мысалдар келтіріп,көрсетті.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив