Педагогикалық кеңес » СШ№18 им. А.Косанулы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3244264
Есепші бөлімі:
+7(726) 3244264
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
октябрь
2024

Педагогикалық кеңес

Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін мектебі

Педагогикалық кеңес

Хаттамасы №2

Жамбыл ауылы                                                                                   31.10.2024ж


Қатысқаны: 112

Қатыспағаны: жоқ


Күн тәртібінде:

1. І тоқсан қорытындысы мен мемлекеттік білім стандарты талаптарының пәндер бойынша орындалуы жағдайы. БЖБ, ТЖБ орындалу сапасы.

                                     (ДОТІЖО К.КыдырбаеваДБСІЖО С. Курганбаева,бірлестік жетекшісі)

2. Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі қомиссия жұмысының қорытындысы                                                                            (әлеуметтік педагогАйылшиева С)

3. 9,11 сынып білім алушыларының қорытынды аттестаттауға байланысты алынған тест нәтижелері.   

(ДОТІЖО Кыдырбаева К)

4. Аттестациядан өтетін педагогтардың сабақтарына қатысу,  аттестаттаудан өтетін мұғалімдердің құжаттары туралы түсініктеме беру          

(ДӘҒЖО А.Тампиева)

5. «Ата – аналарды педагогикалық  қолдау   орталығы» қызметін  ұйымдастыру     

                                                                                              (ДТЖО Батырбекова А)

6. Діни экстремизимді алдын алу жұмыстарының жүргізілуі   

(ДҚТЖО Қуанышева Ж)

7. 9-11 сыныптың «Алтын белгі», Үздік аттестатқа үміткер оқушыларын ұсыну

                              (11 сынып жетекшілері: Сейсенбаева Р, Бектурганова К, Рахметілдаева Ж)


1.Тыңдалды: І тоқсан қорытындысы мен мемлекеттік білім стандарты талаптарының пәндер бойынша орындалуы жағдайы. БЖБ, ТЖБ орындалу сапасы.

Сөйледі:Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары  Кыдырбаева Кумискуль Турапбековна І тоқсан қорытындысы мен мемлекеттік білім стандарты талаптарының пәндер бойынша орындалуы жағдайы және БЖБ, ТЖБ орындалу сапасына тоқталды.  Сөзінде, мектепте І-тоқсан қорытындысы 5-11 сыныптар бойынша білім сапасына талдау жасалынды. І тоқсан   904 оқушымен басталды. І-тоқсан бойынша 4 оқушы  келіп, 26 оқушы  басқа мектептерге ауысты. Мектепте  2 даярлық тобы бар, онда 30 бала тәрбиеленуде. 1-11 сыныптар аралығында 47 сынып - комплектісі бар. І  тоқсанды аяғында 884 оқушымен аяқтадық. Оның ішінде:1-4 сыныптарда – 321 оқушы,  5-9 сыныптарда - 471,  10-11 сыныптарда 92 оқушы оның ішінде: оқу озаты – 182, оқу екпіндісі – 340.  5-9 сыныптарда – 64%,  10 -11 сыныптарда аралығында білім сапасы – 65%,  І-тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасы 65,66% құрады,өткен оқу жылымен салыстырғанда -5,42%  кему бар екендігін айтып, жеке пәндердің білім сапасына тоқталды. Сөзін қорыта келе, І-тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасы 65,66% құраса, оның ішінде   ең жоғарғы білім сапасын көрсеткен 6 «А» -75% пән мұғалімі Оразбаева А,  6 «Ә,Б» сыныптары-74% пән мұғалімдері Оразбаева А, Қуанышева Ж ал керісінше төмен білім сапасын көрсеткен сыныптар: қазақ әдебиеті пәнінен 6в сыныбы-63,1% пән мұғалімі Рахметілдаева Ж, 9 «в» сыныбы- 62% пән мұғалімі Билибаева В, орыс тілі пәнінен 6 «д» сыныбы-61% пән мұғалімі Дуанабаева К, шетел тілі пәнінен 6 «а» пән мұғалімі Есеналиева Е, 10 «а,ә», 7 «г»- 60% пән мұғалімі Ахтанбердиева Г,9 «в» сыныбы-62% пән мұғалімі ақтанбердиева Г, физика пәнінен 9 «б»   сыныбы- 60% пән мұғалімі Үйсімбаева Л екенін айтып, сөзін аяқтады. Арғы қарай сөзін жалғап, БЖБ, ТЖБ орындалу сапасына тоқталып, барлық сыныптарда БЖБ, ТЖБ бағаларының кесте бойынша қойылғандығын айтып,-директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Кыдырбпева Кумискуль сөзін қорытындылады.

Ұсыныс: 

1.Білім сапасын көтеру мақсатында білім берудің түрлі тиімді әдіс-тәсілдерін нәтижелі қолдану;

2.Білім беруде цифрлы платформалар мен жасанды интелектіні оқытуда іс-тәжірибеге кеңінен енгізу арқылы оқушылардың білімге құштарлығын жетілдіру жолдарын қарастыру.

Қаулы етті:

1.Білім сапасын көтеру мақсатында білім берудің түрлі тиімді әдіс-тәсілдерін нәтижелі қолданылсын.

2.Білім беруде цифрлы платформалар мен жасанды интелектіні оқытуда іс-тәжірибеге кеңінен енгізу арқылы оқушылардың білімге құштарлығын жетілдіру жолдары қарастырылсын.

2.Тыңдалды: Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі қомиссия жұмысының қорытындысы

Сөйледі: Әлеуметтік педагог Айылшиева Сәуле сөз алып, аталған мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына сәйкес бүгінгі күні бастауыш 1-4 сыныптар аралығында білім алатын 314 (үш жүз он төрт) білім алушы және  аталған мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес жекелеген санаттағы, яғни,   атаулы көмек тағайындалған 5-11 сыныптар аралығында оқитын түрлі санаттағы 24 білім алушы  жалпы саны 338 (үш жүз отыз сегіз) білім алушы 2024 жылдың қараша айынан бастап  мектеп асханасында бір мезгіл тегін тамақпен қамтамасыз етілетіндігін айтып,тиісті   құжаттары жинақталып, барлық мәлімет қыркүйек айында мектептің Ұлттық  білім беру деректер қоры  базасына енгізілгендігін, білім алушыларды мектеп асханасында тамақтандыру жұмысы алдағы мектеп әкімшілігі және қамқоршылық кеңес мүшелері тарапынан оқу жылы бойы қадағаланатынын, жасақталған комиссия құрамы атқарылатын жұмыс мақсатына сәйкес әр айдың соңында мектеп асханасына мониторинг жүргізіп, мониторинг барысында мектеп асханасында санитарлық талаптардың сақталуын, асхананың жабдықталуын, ауыз су режимінің ұйымдастырылуын, асхана аспаптарының жай-күйні, қоймалардың санитарлық жағдайын, тыйым салынған тағамдардың сатылмауын, асхана қызметкерлерінің денсаулығын, сыртқы келбеті және олардың қалыпты жұмыс жасауына жағдайдың жасалуын тексеріп, тиісінше тексеріс қорытындылары комиссияның отырыстарында қаралып, тиісті шешімдер қабылданатын айтты,тоқсан сайын білім алушыларды мектеп асханасында тамақтандыру жұмысы бойынша барлық атқарылған іс-шаралар жиынтығы үздіксіз мектептің интернет ресурсының   «Мектептік тамақтандыру» айдарында салынып отырылатынын айтып-әлеуметтік педагог Айылшиева Сәуле сөзін аяқтады.

Ұсыныс: 

1. Санатына қарай жаңадан келген білім алушылардың құжаттары жинақтау білім алушылардың мектеп асханасында тегін тамақпен қамтылуын үнемі қадағалауда ұстау. 

  2.  Комиссия   жұмысы жандандыру, жұмыс бағытын күшейту.

  3.   Мектептің интернет ресурсының «Мектептік тамақтандыру» айдарында 

 оқу жылы бойы үздіксіз мониторинг жүргізу.

Қаулы етті:

1.Санатына қарай жаңадан келген білім алушылардың құжаттары жинақталып, білім алушылардың мектеп асханасында тегін тамақпен қамтылуы үнемі қадағалансын.

2.  Комиссия  жұмысы жандандырылып, жұмыс бағыты күшейтілсін.

3. Мектептің интернет ресурсының «Мектептік тамақтандыру» айдарында оқу жылы бойы үздіксіз мониторинг жүргізілсін.

3.Тыңдалды: 9,11 сынып білім алушыларының қорытынды аттестаттауға байланысты алынған тест нәтижелері.

Сөйледі: Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кыдырбаева Кумискуль сөзінде,  қазан айының  18 күні  11-сынып оқушыларынан алынған тесттерге сараптама жүргізілгендігін, тестке жаратылыстану-математикалық бағытта 11 «А» сыныбынан-18 оқушы , 11«Ә» сыныбынан-17 оқушы, қоғамдық-гуманитарлық бағытта 11 «Б» сыныбынан- 18 оқушы қатысты , оның ішінде тест тапсырғандар саны- 50 оқушы қатысқанын айтып, тестің қорытындысына тоқталды: Қазақстан тарихы пәнінен алған жалпы  алған балдары-857,орташа балл-45,1, білім сапасы-88% , ал оқу сауаттылығынан  жалпы алған балы-398, орташа балы-23,3, білім сапасы-82%, математикалық сауаттылықтан жалпы алған балы-  223, орташа балы-3,18, білім сапасы- 32,6%  -ды көрсеткеніне тоқталды және таңдау пәндері бойынша жеке-жеке тоқталып айтып өтті, ең төмен балл көрсеткен дүниежүзі тарихы/құқық негіздері пәнінен  25/3 ,22/2,  математика24/2 физика18/2 , дүниежүзі тарихы 24/2 Ағылшын тілі23/2,  жоғары білім сапасын көрсеткен қазақ тілі42/5қазақ әдебиеті43/5,  математика28/3физика23/2 пәндерінен өте төмен білім сапасын көрсеткен пән мұғалімдері Бектурганова Кенже,Ордабаев Ғалым, Жарасова Жарқынай, Сартбаева Майра, Дүйсеналиева Гүлбаршын ,Сейсенбаева Раушанға білім сапасын көтеру мақсатында оқушылардың жіберген қателерімен жұмыс жүргізу керектігін ескертіп өтті, сөзін 9 сынып оқушыларынан алынған тест қорытындысын баяндаумен жалғастырды, 9-сынып оқушыларынан алынған тесттерге сараптама жүргізілгендігі және тестке   9«А» сыныбында-18 оқушы , 9«Ә» сыныбында-16 оқушы болса,   9«Б» сыныбында- 19 оқушы , 9 «в» сыныбында – 14 оқушы, жалпы саны-67 оқушы қатысқандығын және нәтижесіне тоқталды:математикалық сауаттылықтан-11%, оқу сауаттылығынан-77 %, жаратылыстану сауаттылығынан-13 %  осы пайыздарға қарасақ математикалық сауаттылығынан және жаратылыстану сауаттылығынан (физика,химия,биология,география)  оқушылардың дайындығын күшейту керектігі көрінеді –деп ескертті және оқу сауаттылығы бойынша 12 оқушы-«4», 2 оқушы-«2» деген баға алды, пән мұғалімі Билибаева Венера. Математикалық сауаттылығы бойынша 2 оқушы-«3», 12 оқушы-«2» алды, пән мұғалімі Тюляпова Гульнур. Жаратылыстану сауаттылығы (физика, химия, география, биология) бойынша 1 оқушы-«4», 8 оқушы-«3», 5 оқушы- «2» деген баға алды, физика пәні мұғалімі Үйсінбаева Лаззат, химия пәні мұғалімі Сман Назгүл, география пәні мұғалімі Тамшыбаева Ақмарал, биология пәні мұғалімі Саукинбаева Насихат-екенін айтып директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары сөзін қорытындылады.

Ұсыныстар: 

1. Қорытынды аттестаттаудың нәтижесін көтеру мақсатында қосымша сабақтарда жүйелі түрде қайталау жұмыстарын жүргізу;

 2. Пән мұғалімдері оқушы қабілетін аша білетін оқу материалдарының тиімді жақтарын іріктеп, қайталанған тақырыптардың оқушы есіне қалдыруға әрекет жасау; 

3. Сынып жетекшілері оқушылардың қорытынды аттестаттауға дайындық сабақтарға толық құрамда қатысып, жауапкершілік танытуын қамтамасыз ету; 

4.Пән мұғалімдері сабақты жан-жақты сапалы дайындалып, оқушының білім олқылықтарын толықтыру мақсатында сабақ жүргізудің әдіс-тәсілдерін түрлендіру.

Қаулы етті:

1. Қорытынды аттестаттаудың нәтижесін көтеру мақсатында қосымша сабақтарда жүйелі түрде қайталау жұмыстары жүргізілсін.

2.Оқушылардың қорытынды аттестаттауға дайындық сабақтарға толық құрамда қатысып, жауапкершілік танытуын қамтамасыз етілуін қадағалау сынып жетекшілеріне жүктелсін.

3.Оқушылардың   біліміндегі олқылықтарын  жою мақсатында пән мұғалімдері сабақтарын сапалы дайындап, әдіс-тәсілдерін түрлендірсін.

4.Тыңдалды: Аттестациядан өтетін педагогтардың сабақтарына қатысу,  аттестаттаудан өтетін мұғалімдердің құжаттары туралы түсініктеме беру

Сөйледі: Директордың ғылыми әдістеме жөніндегі орынбасары Тампиева Алтынай сөз алып, аттестатциядан өтетін педагогтарды атап, осы аталған мұғалімдердің №72 бұйрықтың № 9 қосымшасына сәйкес Педагогті, бөлім басшысын (меңгерушісін), әдістемелік кабинет (орталық) әдіскерін аттестаттау рәсіміне қатысуға өтініш толтыратындығын, №15 қосымшасына сәйкес Педагогтердің материалдарын (портфолионы) бағалау парағы толтыралатынын және  бұл қосымшада педагогтің 3 жыл ішінде біліктілігін арттыру курстары, 5 жыл ішінде өзінің және оқушыларының жетістіктері және баспа беттеріне жарияланған материалдармен қатар, аудан, облыс, республика көлемінде  бөліскен іс – тәжірибелер, 3 жыл ішіндегі  өз пәндері бойынша білім сапасы балл түрінде бағаланатын болатынын, №16 қосымша Орта (арнайы), қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы педагогінің сабағын (оқу сабақтарын, ұйымдастырылған қызметін,  іс-шарасын) бақылау парағын толтыру мақсатында қараша айының 18 мен 29 күндер аралығында сараптама комиссия мүшелері сабақтарына қатысатындығын, осыған орай сабақ кестесі жасалатындығын айтып директордың ғылыми әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Тампиева Алтынай  сөзін қорытындылады.

Ұсыныс: 

1.Педагог – зерттеуші санатына 4 мұғалім, педагог – сарапшы  санатына – 5 мұғалім, педагог – модератор санатына – 14 мұғалім тізімін бекіту.

2.№16 қосымша Орта (арнайы), қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы педагогінің сабағын (оқу сабақтарын, ұйымдастырылған қызметін,  іс-шарасын) бақылау парағын толтыру мақсатында сабақ кестесін құру.

3.Тізімде бекітілген педагогтердің 2024 жылдың 02 сәуір айындағы №72 бұйрығына сәйкес   құжаттар реттілігін сақтау.

Қаулы етті: 

 1. Педагог – зерттеуші санатына 4 мұғалім, педагог – сарапшы   санатына – 5 мұғалім, педагог – модератор санатына – 14 мұғалім тізімі бекітілсін. 

2.№16 қосымша Орта (арнайы), қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы педагогінің сабағын (оқу сабақтарын, ұйымдастырылған қызметін,  іс-шарасын) бақылау парағын толтыру мақсатында сабақ кестесін құрып, комиссия мүшелері сабақтарына қатыссын. 

3.Тізімде бекітілген педагогтердің 2024 жылдың 02 сәуір айындағы №72 бұйрығына     сәйкес  құжаттар реттілігін сақталып жинақталсын.

5.Тыңдалды:«Ата – аналарды педагогикалық  қолдау  орталығы» қызметін   ұйымдастыру         

Сөйледі: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Батырбекова Алия «Ата – аналарды педагогикалық   қолдау  орталығы» қызметін   ұйымдастыру жұмыстары туралы баяндады, баяндамасында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының қызметіадамның үйлесімді  дамуы ұлттық институтының ғылыми-әдістемелік  кеңесі   ұсынған  нұсқаулық   бойынша    жүзеге асырылып жатқандығы және «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығы жанынан құрылған «Даналық мектебі»жұмысы да өз ұйымдастырылып жатқандығына,«Даналық мектебі»   аясында  «Ата өсиеті»,  «Әже даналығы»,  «Аға қамқорлығы», «Жеңге кеңесі» сынды тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылды,балаларды   оқыту мен тәрбиелеуде отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуін күшейту, бала тәрбиесінде оң мәдениетті дамытуға бағытталған «Даналық мектебі» клубының қызметі білім беру ұйымының позитивті ата-ана мәдениетін қалыптастыру және дамыту жөніндегі жұмысының ажырамас бөлігі болып табылатындығын және «Даналық мектебі» клубы қызметінің мақсаты мен міндеттеріне тоқталып  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Батырбекова Алия баяндамасын аяқтады.

Ұсыныс:

1. «Ата – аналарды   педагогикалық  қолдау  орталығы» қызметін   ұйымдастыру жұмысын жандандыру

2.Жергілікті атқарушы органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен серіктестік ардагерлер кеңесі, ата-аналар клубтарының өкілдерін тарту.

3. Қатысушылар қанағаттану деңгейін анықтау үшін тұрақты сауалнамалар жүргізу.

Жарыссөз: Сөйледі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мырзаханова Нұргүл мектептегі «Даналық мектебі» клубының жұмысын қанағаттанарлық деп есептеймін, себебі бұл клубтың жұмысы оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды дарыту және оқушылар арасындағы ұйымшылдықты, отбасындағы сыйластық пен бір-біріне деген бауырмашылдыққа тәрбиелейді және жеңге мен қайын сіңілі арасындағы сыйластық, ана мен қыз арасындағы сыйластықты және ағалар мен інілердің, әке мен баланың арасындағы сыйластықты дамытатын өте жақсы мектеп деп есептеймін, осы жұмысты ары қарай жандандыруды ұсынамын,-деп Мырзаханова Нұргүл сөзін аяқтады.

Қаулы етті:

1.«Ата – аналарды педагогикалық  қолдау   орталығы» қызметін   ұйымдастыру жұмысы жандандырылсын.

2. Жергілікті атқарушы органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен серіктестік ардагерлер кеңесі, ата-аналар клубтарының өкілдері тартылсын.

3. Қатысушылар қанағаттану деңгейін анықтау үшін тұрақты сауалнамалар жүргізілсін.  

6.Тыңдалды: Діни экстремизимді алдын алу жұмыстарының жүргізілуі

Сөйледі: Директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қуанышева Жамал діни экстремизимді алдын алу жұмыстарының жүргізілуі туралы айтып, "Дін және ұрпақ тәрбиесі" тақырыбында білім алушылармен кездесу өткізілгендігі және кездесуге: Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы-Мамбетов Ақтөре Сағыналұлы, Меркі білім бөлімінің әдіскері Раптаева Сауле Муратбековна   қатысқандығын,кездесу барысында: білім алушыларға дін саласындағы заңдылықтарды түсіндіріп, деструктивті діни ағымдар, олардың қоғамға кері әсері туралы, олардың интернет желісі арқылы жүргізетін манипуляциялық амалдарынан сақтанудың жолдары туралы кеңес беріп түсіндірілгендігіне тоқталып, халықтың тарихи тағдарында діннің маңызды рөл атқаратындығын, оның рухани, мәдени өркендеуінің көкжиектерін айқындайтын егізгі фактор екендігін көрсету  арқылы оқушыларға дөңгелек үстел барысында көрсетіліп талқыланғандығын айтып, білім алушылардың  мектеп формасының сақталуын талап ету мақсатында түсіндіру жұмысын жүргізіп, мектептің ішкі тәртіп ережесіне сай міндетті мектеп формасы білім беру ережелеріне сәйкес және классикалық стильдегі қою көк түсті болу керектігін, қыз балалардың формасы: пиджак жилет, юбка (тізеден төмен), классикалық үлгідегі ақ көйлек, қыс мезгілінде (трикотажды жилет, сарафан, классикалық үлгідегі тізеден төмен) шалбар болып бекітілгендігіне назар аудартып, мектепте діни көзқарастарға сай келетін (крестер, хиджаб, никаб, паранджа, чадра, иудейлік кины, шляпа, орамал, жамылғы, тюрбан) киімдермен бас киімдерді киюге қатаң тиым салынатындығын ескертіп,-директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қуанышева Жамал сөзін қорытындылады.

Ұсыныс:

1.Қ.Р. Білім және Ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 ақпандағы бекітілген мектеп формасының стандартқа сай сақталуын қадағалау.

2.Мектеп формасының талаптарының орындалуы әрбір сынып жетекшілер мен ата-аналардан талап етілу.

3.Білім алушыларға дін саласындағы заңдылықтарды түсіндіру, интернет желісі арқылы жүргізетін манипуляциялық амалдардан сақтану жолдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Қаулы етті:

1. Мектеп формасы Қ.Р.Білім және Ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 ақпандағы бекітілген   стандартқа сай сақталуы қадағалансын.

2. Мектеп формасының талаптарының орындалуын қадағалау  сынып жетекшілер мен ата-аналарына жүктелсін.

3. Білім алушыларға дін саласындағы заңдылықтарды түсіндіру, интернет желісі арқылы жүргізетін манипуляциялық амалдардан сақтану жолдары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілсін.

7. Тыңдалды:  9-11 сыныптың «Алтын белгі», Үздік аттестатқа үміткер оқушыларын ұсыну

Сөйледі: Сөз кезегін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Кыдырбаева Кумискуль алып, 2024-2025 оқу жылындағы 9-11 сыныптың «Алтын белгі», Үздік аттестатқа үміткер оқушыларды атап,ұсыным жасады. 11 «Б» сынып оқушысы  Дәулет  Арман   1 сыныптан бастап оқу үздігі. 2022 жылы негізгі мектепті үздік аттестатқа аяқтаған, 2023  жылы     математика пәнінен   аудандық пәндік олимпиаданың ІІ орын жүлдегері, математика пәнінен «Алтын түлек»   олимпиадасының  жүлдегері, 2023  жылы    аудандық «Абай оқулары» байқауының   І дәрежелі, облыстық «Абай оқулары» байқауының ІІ дәрежелі диплом иегері,-екендігін айтты.

Ұсыныс:

1. Орта білім берудің негізгі және жоғарғы сатысында оқу кезеңінде мемлекеттік білім стандартына сәйкес оқу жоспарының барлық пәндерден жылдық және қорытынды бағаларының «5» болуына байланысты   Дәулет Арманды   «Алтын белгі» төсбелгісіне алдын – ала  үміткер ретінде ұсынамын.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Кыдырбаева Кумискуль сөзін ары қарай жалғастырып, «Үздік аттестат» үміткерлерін ұсынды: Орта білім берудің жоғарғы сатысында оқу кезеңінде мемлекеттік білім стандартына сәйкес оқу жоспарының барлық пәндерден жылдық және қорытынды бағаларының «5» болуына байланысты  төмендегі оқушыларды «Үздік аттестатқа» үміткерлікке төмендегі оқушыларды ұсынамын:

11 «А» сынып оқушылары Бейбітұлы Ақай, Салыбай Ұлжан, 11 «Ә» сынып оқушылары Бейсенбай Зейнеп, Болатбек Айчөрек, Бәкір Сания, Рахымжан Алина, 11 «Б»  сынып  оқушылары   Базарбай  Құралай, Сахып Алина, Шахарова Гүлнұр,-атап,сөзін аяқтады.

және 9- сынып оқушыларынан «Үздік аттестат» үміткерлерді айтты: Мелс Асылай,Абдулла Мерей,Берік Камшат,Кадырбай Назерке,Төлеген Бакдаулет,Мирзоева Зейнеп, Жаңалық Азамат, Дауылбек Диас,Қашқынбай Нуриля,Жұмабай Еркеназ,Орысбай Мейірім,Бақберген Аружанды ұсынып, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары сөзін қорытындылады.

Ұсыныс:

1.Орта білім берудің жоғарғы сатысында оқу кезеңінде мемлекеттік білім стандартына сәйкес оқу жоспарының барлық пәндерден жылдық және қорытынды бағаларының «5» болуына байланысты  төмендегі оқушыларды «Үздік аттестатқа» үміткерлікке 11 «А» сынып оқушылары Бейбітұлы Ақай, Салыбай Ұлжан, 11 «Ә» сынып оқушылары Бейсенбай Зейнеп, Болатбек Айчөрек, Бәкір Сания, Рахымжан Алина, 11 «Б»  сынып  оқушылары   Базарбай  Құралай, Сахып Алина, Шахарова Гүлнұрды ұсыну

2. Орта білім берудің жоғарғы сатысында оқу кезеңінде мемлекеттік білім стандартына сәйкес оқу жоспарының барлық пәндерден жылдық және қорытынды бағаларының «5» болуына байланысты  9 сынып оқушылары Мелс Асылай, Абдулла Мерей,Берік Камшат,Кадырбай Назерке,Төлеген Бакдаулет,Мирзоева Зейнеп, Жаңалық Азамат, Дауылбек Диас,Қашқынбай Нуриля,Жұмабай Еркеназ,Орысбай Мейірім,Бақберген Аружанды ұсыну.

Жарыссөз: Сөйледі биология пәні мұғалімі Ермекбаева Улбала жарыссөз алып, жоғарыда ұсынылған 11 сынып оқушысы «Алтын белгі» үміткері Даулет Арманға сабақ беремін ұсынысты қолдаймын себебі өте жақсы оқиды және өте белсенді оқушы-деп сөзін аяқтады.

Жарыссөз: Сөйледі: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Джекебаева Клара «Үздік аттестат» үміркерлеріне ұсынылған оқушылармен келісемін себебі мен сабақ беремін,өте жақсы оқитын және мектептегі қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады,-деп сөзін аяқтады.

Қаулы етті:

1.11 «б» сынып оқушысы Даулет Арман «Алтын белгі» үміткерлігіне ұсынылсын.

2.«Үздік аттестатқа» үміткерлікке 11 «А» сынып оқушылары Бейбітұлы Ақай, Салыбай Ұлжан, 11 «Ә» сынып оқушылары Бейсенбай Зейнеп, Болатбек Айчөрек, Бәкір Сания, Рахымжан Алина, 11 «Б»  сынып   оқушылары  Базарбай  Құралай, Сахып Алина, Шахарова Гүлнұр ұсынылсын.

3.«Үздік аттестатқа» үміткерлікке 9 сынып оқушылары Мелс Асылай, Абдулла Мерей,Берік Камшат,Кадырбай Назерке,Төлеген Бакдаулет,Мирзоева Зейнеп, Жаңалық Азамат, Дауылбек Диас,Қашқынбай Нуриля,Жұмабай Еркеназ,Орысбай Мейірім,Бақберген Аружан  ұсынылсын.









            














Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив