Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысы туралы ақпарат » СШ№18 им. А.Косанулы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3244264
Есепші бөлімі:
+7(726) 3244264
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысы туралы ақпарат
08
январь
2019

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысы туралы ақпарат

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысы туралы ақпарат

2018 – 2019 оқу жылы


Мектептегі тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясы директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г. Шаймерденова,  директордың ақпараттық ісі жөніндегі орынбасары А. Тампиева А, ата – аналар комитетінің төрайымы А. Сексенбаева, медицина қызметкері Тлеубергенова Ж,  мектеп асханасының жұмысына тексеру жүргізді. Тексеру барысында басшылыққа алынған критерийлер:

Тамақ өнімдерінің сапасына, тағамдарды дайындау технологиясына, өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзімдеріне, мектеп асханасының талапқа сай жұмыс жүргізуі.

Мектептегі ыстық тамақты ұйымдастыруы және тексеру қорытындысы бойынша:

Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы білім беретін тірек  мектебі (ресурстық орталық) оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы мектептегі 941 оқушының 929-ы ыстық тамақпен қамтылған, ақысыз ыстық тамақпен 53 оқушы қамтылған. Олардың күнделікті асханадан ақысыз ыстық тамақпен қамтылуын сынып жетекшілері және әлеуметтік педагог Айылчиева Сауле  қадағалайды.

Мектеп асханасының санитарлық жағдайы, асхананың жалпы тазалығы, ыдыс – аяқтардың тазалығы, азық –түлік сақтайтын қоймалар, жеміс – көкөніс сақтайтын орындар, қайнату, қуыру цехтары, ыдыс – аяқ жуатын бөлмелер,азық – түліктердің сақталуы мен тұтыну мерзімі талапқа сай. Шикізаттың жеткілікті қолданылуы, дайын астың оқушыларға таратуға болатыны мен сапасы туралы бракераждық журнал уақытылы толтырылған. Бекітілген мәзір бойыншадайын ас көлемінің тамақ әзірлеуге азықтардың дұрыс салынуы мен дайын ас шығымы өз деңгейінде. Тәуліктік сынама алу мен сақталу қамтамасыз етілген. Ата – аналар мен басқа бақылаушылар тарапынан «Шағымдар мен ұсыныстар» журналы арналған. Мектеп асханасының көрінетін жерінде дұрыс тамақтану бұрышы ұйымдастырылып, «Бақылау асы» қойылған. Күнделікті және апталық ас мәзірі салыстырмалы түрде тексерілді. Оқушылардың мектеп асханасынан ыстық тамақпен қамтылуы оқушылардың жалпы санының – 98,7 % құрайды. Тексеру барысында асханадағы кейбір ыдыстардың сыры ұшқаны анықталды.Оларды дер кезінде ауыстыру ескертілді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

30 ноябрь 2018 Қамқоршылық есеп
20 ноябрь 2018 Ыстық тамақ
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив