24
февраль
2025
«TIMSS халықаралық мониторингтік салыстырмалы зерттеулер аясында педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында оқыту семинары
Ағымдағы жылдың 24 ақпан күні «TIMSS халықаралық мониторингтік салыстырмалы зерттеулер аясында педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Кыдырбаева Кумискуль оқыту семинарын өткізді. Семинарға 8 - сынып білім алушыларына сабақ беретін пән мұғалімдері қатысты. Семинарда пән мұғалімдері 8 - сынып білім алушыларының математика және жаратылыстану пәндері бойынша білім жетістіктерінің әртүрлі деңгейлерін анықтайтын тест тапсырмаларын құрастыру, экспертиза және бағалау туралы пікір алмасты.


