12
декабрь
2022
Оқырмандар конференциясы
2022 жылдың 7 желтоқсанында 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай Асқарбек Бектемісовтың «Тәуелсіздік тартуы» шығармасы бойынша мектеп кітапханасында 8«Ә» сыныбымен оқырмандар конференциясы өтті. Конференцияның негізгі мақсаты: аталмыш шығарманың мазмұнымен танысу, ата-бабаларымыздың ерулі еңбегін келешек ұрпаққа үлгі ету және шығарманың тарихылығын талдау.
Ақылын,есін жиғандар,
Халқы үшін жанын қиғандар.
Тәуелсіздік тостағына,
Толтырып қанын құйғандар-
Желтоқсандықтар,
Желтоқсандықтар,
Желтоқсандықтар! деген өлең жолдарымен басталатын Тәуелсіздік тартуы шығармасы сан ғасырлар қан жұтып, қалжырап келген халқымыздың бұрынғы қазақы қалпына қайта бет бұрып, зұлымдық пен үстемдіктің ғұмыры қашанда ұзақ болмағанын бейнелейді.. Елім-айлап алмағайып күндерді бастарынан өткерген отандастарымыздың ащы мұңдары, оларды елімізден өз еріктерінен тыс жат елдерді паналауға мәжбүрлеген заманға налыған. Қазіргі таңда тәуелсіздігіміздің арқасында сол өксігіміз өткінші жаңбырдай басылып, өзге елдермен тереземіз теңесіп, бір шаңырақтың астында тату-тәтті, бақытты өмір сүріп жатқан жайымыз бар. Сол татулығымызға тамсана қараған басқа ұлт өкілдері қазір елімізге келіп, бізден үлгі өнеге сабақ алуда. Шараға қатысушы оқушылар өз ойларын ортаға салып еркін жеткізе білді.