25
сентябрь
2024
"Интернет желісіндегі балалардың қауіпсіздік ережелері" тақырыбында ата-аналар жиналысы
Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін мектебінде "Интернет желісіндегі балалардың қауіпсіздік ережелері" тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыста ата-аналарға «Интернет ойындарының зияны», «Буллинг, кибербуллинг» тақырыптарында бейнероликтер көрсетіліп, қазіргі таңда ғаламтор желісінде балалар мен жасөспірімдердің санасын улайтын, өміріне қауіп төндіретін ойындардың көбейіп кеткендігі, баланың интернетте өткізген уақытын шектеу, контентті бақылау, ата-аналар мен балалар арасындағы сенімді қарым-қатынас орнату әдістері, желідегі балалардың қауіпсіздігін арттыру бойынша ата-аналарға қауіпті контенттерді бұғаттау яғни ата ана бақылау (родительский контроль) бағдарламаларын орнату бойынша кеңестер беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ,бір тұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде "Өнегелі 15 минут"жобасы аясында жүргізілетін жұмыстар төңірегінде ақпараттар берілді.