«Қыз тәрбиесі - қоғам тәрбиесі» тақырыбында қыздар жиналысы
2022 жылдың 8 қыркүйек күні Ақкөз Қосанұлы атындағы№18 жалпы орта білім беретін тірек мектебінде «Қыз тәрбиесі - қоғам тәрбиесі» тақырыбында қыздар жиналысы болып өтті. Жиналысқа 8-11 сынып қыз балалары қатысты. Аталмыш шараны мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Батырбекова А А. ашып, сөз сөйледі. Өз сөзінде қыз балаға берілетін тәрбиенің маңызы, қоғамда қыз бала тәрбиесінде жіберіліп жатқан олқы тұстарды тілге тиек ете отырып, қыздардың тән мен ар тазалығы туралы түсіндіріп, бесігінде жақсы тәрбие алған қыз бала ертеңгі ана екендігін еске салды. Сондай-ақ, мектеп жасындағы қыз балалардың тағдыры жөнінде тағылымды ақпарат беріп, қыздардың сырласы анасы болғандықтан, анасынан ешқандай сыр жасырмау керек екендігін баса айтты. Сонымен қатар қыздардың
кешкі уақытта үйден шықпауын, интернет желісінде түрлі әлеуметтік желілерде отырмауын тапсырып, кеңестерін берді. Мұнан соң сөз алған мектеп медбикесі Г.Тулебаева қыздар арасындағы ерте жүктіліктің салдары, денсаулыққа зияны, өмірге қауіптілігі туралы ауқымды әңгіме жүргізіп, қыздардың жеке бас гигиенасы, тазалығы жайлы түсіндірме жұмыстарын жасады.