11-сынып ата-аналарымен қорытынды аттестаттау және ҰБТ ережелерімен таныстыру мақсатында ата-аналар жиналысы
2024 жылдың 23 қазан күні күні 11-сынып ата-аналарымен қорытынды аттестаттау және ҰБТ ережелерімен таныстыру мақсатында ата-аналар жиналысы өткізілді.Жиналыста күн тәртібіндегі ҰБТ ережесі және қорытынды аттестаттау кезінде тапсыратын пәндердің тапсырмалары мен пәндер туралы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Кыдырбаева Кумискуль түсінік жұмыстарын жүргізді. Қорытынды аттестаттау кезінде 11-сынып оқушылары математика пәнінен бақылау жұмысы,қазақ тілінен эссе,орыс тілінен жазбаша тапсырмалар ал қазақстан тарихы пәнінен ауызша емтихан, таңдау пәнінен жазбаша тапсырмаларды орындайтыны туралы айтылып өтті және ҰБТ-2024 жылғы өзгерістермен таныстырды. «Оқу сауаттылығы» мен «Математикалық сауаттылық» міндетті пәндерінен тапсырмалар саны 5 сұраққа қысқарды. Бұл бейіндік пәндер бойынша сұрақтар санын 40-қа дейін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бейіндік пәндерде берілген тізімнен сәйкестікті анықтауға арналған 5 тапсырма қосылды. Бұл өзгерістер – тест тапсырмаларының сапасын арттыру мен олардың функционалдық сауаттылық пен сыни ойлау дағдыларын бағалаудың әлемдік стандарттарына сәйкестігі бағытындағы жұмыстардың жалғасы және ҰБТ тапсырмалар саны өзгеріссіз қалды, жалпы 120 сұрақ. Оның ішінде «Қазақстан тарихынан» 20 тапсырма, «Оқу сауаттылығынан» 10 тапсырма, «Математикалық сауаттылықтан» 10 тапсырма және екі бейіндік пән бойынша 40 тапсырма. Жоғары балл – 140, ол да өзгеріссіз қалды.Тестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут). Бұл ретте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ұсынылатын қосымша 40 минут уақыт сақталатынын айта кету керек. Шығармашылық бағытты таңдаған талапкерлер өткен жылдардағыдай ҰБТ-ны екі пән «Қазақстан тарихы» (20 тапсырма, шекті балл – 5) және «Оқу сауаттылығы» (10 тапсырма, шекті балл – 3) бойынша тапсырады. Тапсырмаларды орындау уақыты – 70 минут. Ал шығармашылық емтихандар жоғары оқу орындарында өтеді.


