Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу актісі


Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін тірек мектебі (ресурстық орталық)
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы
АНЫҚТАМА
2021-2022 оқу жылы
Сәуір айының 4 күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу мақсатында бракераж комиссиясы мектеп асханасына тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы актпен рәсімделіп, комиссия отырысында талқыланды. Тексеру нәтижелері сарапталып, түзету бойынша ұсыныс берілді.
Ыдыстардың қосалқы жиынтығының жеткіліктігі аз мөлшерде және «Ыдыс жуу маңдайшасы» ескіріп кетуіне байланысты ауыстыру қажет екені анықталды.
Бракераждық журналдар дұрыс жүргізілуде. Аспазшылардың денсаулығын тексеріп, шикізат пен дайын тағамдардың жағдайына бақылау жүргізілген. Тегін тағам ас мәзіріне сәйкес дайындалған.
Асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киім үлгісі, барлық санитарлық талапқа сай. Ыдыстармен қамтылуы және ыдыс жуатын бөлменің жай-күйі қанағаттанарлық деңгейде. Ыдыстар жеткілікті, ыдыс жуатын бөлме таза, әр ыдыс орынды қойылған, ыдыстардың беті жабық. Асхана барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Көкөніске, дайын өнімдерге, шикі заттарға арналған стеллаждар жасалған. Ауыз сумен қамтылған, су күніне 3 рет ауыстырылады. Тамақ ішетін залда мектеп басшысы бекіткен мәзір ілінген.
Ас блогында аспазшы нақты ас мәзіріне сәйкес дайын өнімнің тәуліктік сынамасын қалдырып отырады. Сынамалар қақпағы бар таза (қайнатылған) шыны ыдысқа салған. Тексеру қорытындысы қанағаттанарлық.
Кеткен кемшлікті қалпына келтіру аспазшы Д.Алдешбайға жүктелді. жүктелді.
Дайындаған: әлеуметтік педагог С.Айылшиева