«Мектепке жол» Республикалық акциясы жалғасуда » СШ№18 им. А.Косанулы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3244264
Есепші бөлімі:
+7(726) 3244264
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектепке жол» Республикалық акциясы жалғасуда
31
июль
2024

«Мектепке жол» Республикалық акциясы жалғасуда

                                                             Мақала

Жақсылық жасап жарысайық!


 Ел болашағының тізгінін ұстайтын жас ұрпақ – мемлекетіміздің басты құндылығы. Олардың толыққанды білім алып, саналы азамат болып қалыптасына ықпал ету – басты міндет.

Осыған орай, жаңа оқу жылының қарсаңында жыл бойы жалғасын табатын «Мектепке жол» Республикалық акциясы аясында Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін мектеп мемлекеттік коммуналдық мекемесінде белсенді жұмыс жүргізілуде. 2024-2025  жаңа оқу жылында ұйымдастырылған «Мектепке жол» Республикалық акциясы «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен өткізіліп отыр. Акция 01 тамыз бен 30 қыркүйек аралығын қамтитын болады. Аталмыш акцияның басты мақсаты - әлеуметтік мәртебеге ие отбасынан шыққан, ата – ана қамқорлығынсыз қалған оқушыларға материалдық тұрғыда көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу болып табылады.

Акция аясында мектеп бойынша әлеуметтік көмек қажет ететін оқушылар анықталып, ата-аналарының өтініші негізінде оқушыларға көмек көрсетілуде. Демеушілерді тарту мақсатында әртүрлі бизнес өкілдеріне сұраныс хаттар жіберіліп, ата-аналар мен мектеп қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. 

Жаңа оқу жылы қарсаңында акция аясында жалпы 154 ке жуық оқушыға 47398 теңге көлемінде көмек ұйымдастырылады деп жоспарлануда. Осы жылы акцияға 20 дан аса кәсіпкерлерді тарту көзделіп отыр. Оқушыларға көмекті ұйымдастыру барысында мектеп формасы, кеңсе құралдары, мектеп сөмкесі және қажет болған жағдайда демеушілер тарапынан қаржылай да көмек көрсетілді. 

Оқушыларға демеуші болып, қолдау көрсеткендердің басым көпшілігі аудан басшылықтағы қызметкерлер мен мектеп мұғалімдері. Сонымен қатар, ата-аналарымыз да жанашырлық танытып, оқушыларға көмек көрсетіп, акцияға барынша ат салысуда.  Ұстаздарыға, ата-аналарымыз бен демеушілерімізге игі шараның ұйытқысы болып, оқушыларымызға қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамыз.

«Мектепке жол» Республикалық акциясы әлі де жыл бойы жалғасын табады және оқушылардың әлеуметтік жағдайы басты назарда болады. Осыған байланысты мектебіміздің әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушылардың ата-аналарына және акцияға үлес қосып, демеуші болам деген тұлғаларға мектеп әкімшілігіне жолығуларын өтінеміз. 

Жақсылық жасау -   күн шуағындай адам жүрегін нұрға бөлейді. Ал, балаға қуаныш сыйлау бақыттың биік шыңы. Осы орайда акция аясында мектеп оқушыларына көмек көрсетіп қол ұшын созған әрбір демеушілерге  шексіз алғыс білдіреміз.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив