09
февраль
2022
"Жырлайды жүрек"
9 ақпан күні құдіретті қарапайымдылықпен «күпі киген қазақтың қара өлеңін шекпен жауып, өзіне қайтарған» ақын- М.Мақатевтың 91жас туған күніне орай Ақкөз Қосанұлы атындағы #18ЖОББТМ /ро/ "Жырлайды жүрек" атты 9 сыныптар арасында іс-шара өтті.
М.Мақатаев — қазақ халқының Фарабиден Абайға, Абайдан Мағжанға, Мағжаннан бүгінге дейін жалғасып келе жатқан жыр көшіндегі өзіндік орны бар біртуар талант иесі. Мұқағали- кəусар сезім мен тояттамас көңіл, шалқыған шаттық пен мұңға тұнған махаббат, буырқанған шабыт пен сабырға көнбес сағыныш сыйлаған ақын. Мұқағали Мақатаев халықты қалай сүйсе, халық та оны сүйді. Оның поэзиясы көптің ерекше махаббатына бөленді. Ол қасиетті өнер əруағына, поэзия періштесіне айналған мәңгілік ақын.Ақиық ақын мәңгі жадымызда7