12
февраль
2022
«Ерлік- ұлы қасиет» атты «Дара жол »бағдарламасы
Ақпан айының 11 –күні Ақкөз Қосанұлы атындағы жалпы орта білім беретін тіірек мектебі нде (ро) «Ерлік- ұлы қасиет» тақырыбында Ауған соғысының ардагері Байдаулетов Мұрат Әшімұлымен кездесу өтті. Кеш «Дара жол »бағдарламасы желісінде ұйымдастрылды. Бағдарламаға арнайы қонақ ретінде Жамбыл ауылдық округінің әкімі Байбосынов Ербол, Меркі ауданының ақсақалдар кеңесінің төрағасы Иманалиев Қамбар ақсақал,ауған соғысының ардагерлері, Мұрат ағайдың ұстазы Оспановна Сауыткул апкей, сыныптастары қатысты. Кездесу барысында ардагерлер өмірлерінің бір тарауы болып өткен соғыс жайлы айтып, жолдастарынан айырылу күйініштерімен бөлісті. Ұстазы бала Мұрат жайлы әңгімелесе, сыныптастары жігіт Мұрат жайлы қызықты естеліктерімен бөлісті. Ағамыздың әскери борышын бірге өтеген достары жауынгер Мұраттың батырлығы мен ерліктері жайлы айтып,мақтаныш етті. Ауған соғысының ардагерлеріне жүргізуші Бпатырбекова Алия қолқа салып ,сол кездерде шырқаған әндерінен үзінді орындап беруін сұрап сахнаға шақырды






















