16
апрель
2019
«Атаның сөзі – ақылдың көзі»
Ақкөз Қосанұлы атындағы № 18 жалпы білім беретін тірек мектебі (ресурстық орталық)
«Атаның сөзі – ақылдың көзі» тақырыбында өтілген іс – шара туралы
Анықтама
2018-2019 оқу жылы
Мектепте 2019 жылдың қаңтар айының 24-ті күні «Атаның сөзі – ақылдың көзі» тақырыбында ақсақалдар кеңесінің төрағасы Атшатбай Атабековпен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты: балалардың бойында әдептілік пен алғырлық, адамдық қасиеттерді қалыптастыру арқылы жаман мен жақсыны ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.



Осы мақсатта үйірме жетекшілері Айнаева Балжан мен Қабылбекова Анараның ұйымдастырумен тақырыпқа сай, тәрбиелік мәні зор іс – шара өткізілді. Атшатбай ақсақал оқушыларға қызметте жүрген жылдарындағы қызықты сәттерді айтып, үлгілі-өнегелі оқушы болуларына батасын берді. Оқушылар өздерінің сұрақтарын қойды.Кездесу кеші қызықты әрі, тәрбие – тағылымға толы болды.


