Ауған соғысы – жүректегі жара » СШ№18 им. А.Косанулы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3244264
Есепші бөлімі:
+7(726) 3244264
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ауған соғысы – жүректегі жара
19
февраль
2019

Ауған соғысы – жүректегі жара

Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы білім беретін тірек мектеп (ро)

2018-2019 оқу жылы.

     Ауған кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай ардагерлерімен «Ауған соғысы – жүректегі жара» тақырыбында өтілген сыр-сұхбат туралы 

                                                  Анықтама

Мектебімізде 12 ақпан күні 12:30да Ауған кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай ардагерлермен «Ауған соғысы – жүректегі жара» тақырыбында сыр-сұхбат кездесуі өткізілді.

Мақсаты: оқушыларға Ауған соғысы жайы мәлімет бере отырып, ардагер ағалармен соғыс сұрақылдары мен қиын кезеңдері туралы ашық әңгімелесу. Жас ұрпақты ерлікке, патриоттыққа тәрбиелеу, Отанын қастерлеу.



Осы мақсатта өтілген іс-шараға ардагер азамат ағаларымыз Байдәулетов Мұрат Әшімұлы, Зарипов Мухитдин Садретдинұлы, Хахраманов Тофик Қылышұлы шақырылды. Кездесуді Әнұран айтумен бастап, жүргізуші Қалдыбек Г. мен Қанат А. Алғашқы сөзді мектеп директоры Б.Т. Бектургановтың құттықтау сөзіне берді.Мектеп директоры ардагерлерге жақсы тілек айтып, Сіздердей батыл ұлдар мектебіміздің ұландары екендігін айтты.


Іс-шара 10 сынып оқушыларының патриоттық өлеңдер оқуымен жалғасып, тарих жылнамасын таныстырумен нәубат жылдарымен орын алған, зұлматтың бірі Ауған соғысы екендігі туралы мәліметтер айтылды. Ауған соғысынан оралған жауынгерлерімізді еске алу үнсіздігі жариаланып, қатысушылар бір сәт еске алды. Соғыс алауларынан бейне таспалар көрсетіліп, ардагер-жауынгерлеріміздің сонау Ауған жерінде дұшпандармен араласқан сәттері көз алдарына елестеп, іштегі ойларын сыртқа шығаруға мүмкіндік жасалды. Оқушылар ардагер ағаларға сұрақтар қойып, ерліктері мен ержүректіліктері туралы, сөғыс алауындағы басынан өткен оқиғалары туралы көптеген мәліметтер алды. Оқушыларға Отанға адал, ержүрек, қайратты, өзіне сенімді, патриот болып, жақсы оқушы болуларына тілек білдірді. Кездесу соңында оқушылар қатысуымен «Атамекен» әні орындалып, келген қонақтармен естелік ретінде, суретке түсті. Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, ардагер ағаларға үлкен көңіл-күй сыйлады. 



                                                  Кітапхана қызметкерлері: Абдықасымова

                                                                                                   Абашова Ж.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

30 ноябрь 2018 ИДН есебі
20 ноябрь 2018 Ыстық тамақ
16 апрель 2018 Фотогалерея
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив