«Отбасының негізгі құндылықтары» тақырыбында кездесу туралы
Ақкөз Қосанұлы атындағы№18 жалпы орта білім беретін тірек мектебі (ресурстық орталық)
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Отбасының негізгі құндылықтары» тақырыбында кездесу туралы
Анықтама
2021-2022 оқу жылы
Отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Отбасының негізгі құндылықтары » тақырыбында «Берекелі шаңырақ» қоғамдық кеңесінің мүшелерімен кездесу өтті. Кездесуге «Берекелі шаңырақ»қоғамдық кеңесінің мүшелері, мектеп директоры мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Батырбекова ,директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж. Қуанышева қатысты. Кездесуде отбасындағы ажырасу мәселелерінің көбейгенін, соның нәтижесінде қоғамдағы бала тәрбиесінің қиындап бара жатқандығы сөз болды..Сондай-ақ, жағдаятты мәтін оқылып, талқыланды. Кездесу барысында жиналған көпшілік өзара пікір алмасып, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасауға келісті.

