"Мұқағали-мәңгілік ғұмыр" тақырыбында әдеби кеш өтті.
Мұқағали Мақатаевтың өмір жолымен, шығармашылығымен оқушыларды таныстыру мақсатында Мусадилова А.А. «Мәңгілік ғұмыр» тақырыбында тәрбие сағатын өтті. Ақын өлеңдерінің мәңгілік жыр қазына екенін ұғындыра отырып оқушыларды өлеңді мәнерлеп,нақышына келтіріп оқуға дағдыландыру, Отанға, анаға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында өтті. Ғасыр ақыны Мұқағалидың жырларын 4 «Ә» сынып оқушылары Серік Санжар, Алихан Арнұр, Құлмат Бағдәулет, Қанат Абдунұр, Қырғызбай Мирас нақышына келтіріп оқыды. Шындықтан туған шынайы поэзияның иесі, қазақтың қара өлеңінен ешкімге ұқсамайтын өзгеше рең, өшпес бояу беріп, қайталанбас құбылысқа айналған М. Мақатаевтың поэзиясы мәңгілік ғұмырға айналған. Ақынның туған күніне арналған «Мәңгілік ғұмыр» тақырыбында өткен тәрбие сағатында оқушылар әр тақырыпты қамтып өлеңдерді жатқа оқыды. Бидасбек Арунаның «Мұқағали атаға» деген тақырыпта жазылған арнауы көпшіліктің көңілінен шықты. «Бала Мұқағали» сахналық қойылымы қойылып, «Афтобиография» өлеңі диалог ретінде оқылды. «Бақыт деген» әнді Серік Адина, Мұхамед Інжу, Джакыбек Нұрайлым орындады. Тәрбие сағаты «Үш бақытым» әнімен аяқталды.





