Ата-аналардың балаларымен бірге әдеби іс-шараларға баруы
Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін тірек мектебі (ресурстық орталық)
Ата-аналардың балаларымен бірге әдеби іс-шараларға баруы туралы
Анықтама
Мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен сынып оқушыларын ата-аналарымен бірге әдеби іс-шараларға қатыстырылуы жүзеге асырылып отырады. Сынып жетекшілермен бірлесе отырып, оқушыларды аудандық өлкетану мұражайларына саяхат, соның ішінде жергілікті ақын-жазушылардың еңбектері мен шығармашылығы қойылған бұрыштармен таныстыру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, ата-аналар мен оқушыларды арнайы әдеби шығармалар желісінен алынған кинофильмдерді көрсету шаралары ұйымдастырылып, кинофильмдер көрсетілді. Атап айтсақ, Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», тарихи маңызы бар «Көшпенділер», «Қазақ елі», М. Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі бойынша түсірілген көркем фильмі, «Ертөстік» ертегісінен алынған фильмдер көрсетілді. Ата-аналар балаларымен бірге көрген фильмдері бойынша өз ойларын айтып, алған әсерлерін ортаға салып өзара ой бөлісті. Ата-аналар балалармен маңызы, тәрбиелік мәні бар, жас ұрпаққа ұлы қазақ елінің тарихы мен құндылықтарын дәріптеу, ұлы даланың қасиеті мен мол байлығы ұрпақ үшін асыл қазына екендігін айту, түсіндіру баланың рухани дамуына көп әсерін беретіндігін айтты. Кинофильмдерде кейіпкер ролін сомдаған өнер адамдары туралы деректер алынып, балаларға еңбек жолдары туралы мәліметтер айтылды.
Ата-аналармен атқарылған іс-шаралар өз дәрежесінде өтіп, директор жанындағы кеесте қаралып, талданды.
