08
ноябрь
2024
"Өнегелі 15 минут" айдары
"Өнегелі 15 минут" айдары
“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы шеңберінде енгізілген “Өнегелі 15 минут” шарасы - ата-аналар үшін күнделікті баламен тығыз байланыс орнатудың тиімді жолдарының бірі. Бұл шараның мақсаты- әр ата-ананы күнделікті баласымен ашық сөйлесуге, оның жан дүниесіне үңілуге және оған қолдау көрсетуге үндейді. Күнделікті 15 минуттық әңгімелесу арқылы ата-аналар баланың психологиялық жай-күйін біліп, оның өміріне етене араласа алады. Бұл уақыт тек баланың сабақтарын немесе қызығушылықтарын ғана емес, сонымен қатар оның уайымдары мен ойларын түсіну үшін де өте маңызды.5-сынып оқушысы Жұмахан Аяна анасымен "Өнегелі уақыт"айдарында
https://www.facebook.com/share/v/1ETAaLhfmN/