18
февраль
2022
«Отбасындағы тәрбие —саналы ұрпақ кепілі» тақырыбында аудандық семинар
Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін тірек мектебінде құқықбұзушылықтың алдын алу, отбасындағы тәрбиенің маңызын бағалау, ата-аналардың іс-қимылдарының бала өміріне әсерін саралау мақсатында «Отбасындағы тәрбие —саналы ұрпақ кепілі» тақырыбында директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қуанышева Жамалдың ұйымдастыруымен аудандық семинар өтті. Семинарға аудандық білім бөлімінің әдіскері Сәуле Метеркулова, аудандық прокуратура қызметкері, ішкі істер бөлімінің маманы, ауландық билер қоғамының төрағасы, ата-аналар қатысты. Семинарды мектеп директоры Бауржан Тлешұлы ашып, семинарға қатысушыларға жұмыстарына сәттілік тіледі. Бағдарламаны жүргізуші Батырбекова Алия қонақтарға «Бүгінгі отбасындағы ата-аналар балаға қандай тәрбие беріп отыр?» деген сұрақпен бастап, тәрбиеге байланысты сауалдар аясында өзара талдаулар жасады. Отбасындағы тәрбиенің балаға әсері туралы көріністер көрсетілді.










