Мектептегі тамақтану
Мектептегі тамақтану
2023-2024 оқу жылына дайындық барысында мектеп асханасына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асхана сыйымдылығы 40 орынға артты.
Биылғы оқу жылына арналған оқушыларға ыстық тамақ ұйымдастыруға іс-шара жоспары жасалған. Осы оқу жылына арналған бұйрық шығарылып, бұйрық негізінде комиссия құрылған, жауапты адамдар бекітілген. Асхана жұмысының дұрыс ұйымдастырылуын, тамақтың сапасын тексеру үшін жұмысшы (брокераж) тобы құрылған.
Бір мезгіл тегін ыстық тамақпен аз қамтамасыз етілген отбасы балаларының барлығы 100 пайыз (88 оқушы) қамтылған. Оның ішінде тұл жетім – 10, атаулы әлеуметтік көмек алатын – 32, алқалық орган кеңесінің шешімімен анықталған басқа санаттағы білімалушылар - 46. Сонымен қатар мектепте ата-аналар тарапынан ақылы ыстық тамақ та ұйымдастырылған. Биылғы оқу жылы 1-4 сыныптар, яғни, бастауыш сыныптары бір мезгіл мектепте тегін тамақпен қамтылып отыр. Мектептегі бастауыш сыныптағы білім алушылар саны – 347.
