17
март
2025
Бракераж комиссиясы
Тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша 2025 жылдың 17 наурыз күні Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін мектебінде бракераж комиссия мүшелері асхана қызметкерлерінің жұмысына бақылау жүргізіп, акт толтырды. Тексеру аптасына бір рет жүргізіледі. Мақсаты: Білім алушыларға берілетін тегін тамақтың талапқа сай екеніне көз жеткізу. Асханаға жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасы, тағамдарды дайындайтын технологиясы, өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзімдері мен жағдайлары үнемі қадағалануда. Комиссия мүшелері асхана қызметкерлеріне ұсыныс, пікірлерін айтты.