«Ана-барлық көркемділіктің үлгісі»
2022-2023 оқу жылының қазан айының 13 жұлдызында «Ана-барлық көркемділіктің үлгісі» атты қыз балалар бйында әдеп пен сыйластық, тазалық пен адамгершілік мәдениетін қалыптастыру, білімді де тәртіпті, биязы, сыпайы қыз бала тәрбиелеу мақсатында аналарымыз бен кездесу болып өтті. Кездесуге 5 сынып аналары келіп, аналарымыз өздерін таныстырып, өнерлі аналарымыз қол өнерлерімен бөлісіп, кішігірім көрме ұйымдастырылды. Аталған іс-шарада оқушыларымыз ана туралы ән шырқады, қыз тәрбиесіне байланысты бейнетаспа көрсетіліп, аналарға бейнетаспа негізінде сұрақтар қойылды. Аналарымыз қыздарымен «біз екеуміз бірге» деп аталатын ойын ойнатылды бұл ойында аналарамыз өздерінің қыздарымен үйде бірге айналысатын жұмыстарын жазып, гүл бейнесін жасады. Аналарымыз берілген суреттерден мақал-мәтел тауып, мағынасы бойынша өз пікірлерін айтты. Іс-шараның соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Батырбекова Алия қорытынды сөз сөйледі және келген аналарымызға сыйлықтар берілді.


