02
сентябрь
2022
1 қыркүйек «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық»тақырыбындағы салтанатты жиын
Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін тірек
мектебінде білімге деген құштарлығын арттыру, еліміздің білімді, тәрбиелі азаматын елжандылыққа тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың білімге құштарлығын қалыптастыру және жаңа оқу жылының алдында мереке атмосферасын құру болатын. Өскелең ұрпақтың патриотизімін және тағаттылығын тәрбиелеу, рухани-адамгершілігін қалыптастыру мақсатында «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» атты салтанатты жиын өткізілді. Жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру рәсімдерімен ашылды. Мемлекеттік Гимн орындалды. Ту көтеру рәсімін 10-11-сынып оқушылары спорт мақтаныштары Смайл Дамир және Акимбек Айғанымға берілді. Салтанатты жиынды мектебіміздің директоры Б. Т. Бектурганов оқушыларды, бүлдіршіндерді бүгінгі мерекелерімен құттықтап, мектептің оқу жетістіктерімен бөлісті. Сонымен қатар аудандық білім бөлімінің әдіскері Егембердиева Майра Каналбаевна, аудандық маслихат депутаты Сейсенбаев Нурлан Еренсизұлы жамбыл ауылдық округінің маманы Ахметбеков Қанат Ахметбекович қатысып, өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Салтанатты жиынымыз «Сыпатай сазы» домбырашылар үйірмесінің күйімен ашылып 2 сынып оқушылары «Ұстаз ана» әнімен жалғасып, 1 сынып бүлдіршіндері ұстаздарға арнаған тақпақтарын айтты. Алғашқы қоңырауды күмбірлете соғу үшін ортаға мектебіміздің биыл түлеп ұшатын дарынды оқушыларына берілді.
Сонымен қатар, 1-11 сыныптар арасында «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық»» атты тәрбие сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарында Кең байтақ Қазақстан Республикамыздың Тәуелсіздігіне 31 жыл. Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең екенін, Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз екенін айтып өтті. Сынып сағаттарын мектеп әкімшілігі аралап, оқушыларға сәттілік тіледі.