29
ноябрь
2022
«Дін.Қоғам. Жастар» тақырыбында кездесу
Ақкөз Қосанұлы атындағы #18 жалпы орта білім беретін тірек мектебінде жоғарғы сынып оқушылар арасында әлеуметтік педагогтері «Дін.Қоғам. Жастар» тақырыбында кездесу өткізді.Кездесудің мақсаты - терроризмнің алдын алу және онымен күресудің жолдары, елімізге келтіретін зардаптарын жан - жақты талдап, жастарға ой салу. Қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға, жастарды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Қазақ халқының діни ұстанымы мен салт - дәстүрлерін қастерлеп сақтауға, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға ат салысу болып отыр. Кездесуге Меркі аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің экстремизмге қарсы іс-қимыл тобының әншісі аға жедел уәкілі, полиция майоры Байтақов Ербол Мыңбайұлы,Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы,ақпараттық түсіндіру тобының жетекшісі Мамбетов Ақтөре Сағыналыұлы қатысып, оқушылардың сауалдарына жауап берді.Қазақтың көрнекті ағартушысы, ақын Абай Құнанбаев өзінің қара сөздерінің бірінде: "Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оған замандастарының бәрі кінәлі" деп ұлағатты сөз айтып кеткен болатын. Бұл бізге, қоғам, мемлекет дамуының маңызды қырларын ашып көрсетеді.



