«Жаныңда жүр жақсы адам» тақырыбында өткен кездесу » СШ№18 им. А.Косанулы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3244264
Есепші бөлімі:
+7(726) 3244264
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Жаныңда жүр жақсы адам» тақырыбында өткен кездесу
12
май
2022

«Жаныңда жүр жақсы адам» тақырыбында өткен кездесу

Ақкөз Қосанұлы атындағы  №18 жалпы орта білім беретін тірек мектебі (ресурстық орталық)

       «Жаныңда жүр жақсы адам» тақырыбында  өткен кездесудің өтілуі туралы                              

      Анықтама

                                                     2021-2022 оқу жылы

Мектептің акт залында  жоспарға сай «Жаныңда жүр жақсы адам» тақырыбында аудандық ішкі істе бөлімінің басшысы, мектебіміздің түлегі, елімізге адал қызмет атқарып жүрген  ауылымыздың айтулы азаматы Мамытбеков Сәбит Мұсабекұлымен арнайы жарқын жүздесу айдарымен үлкен шығармашыл кездесу өтті. Кездесудің өтілуіне байланысты арнайы көрме ұйымдастырылып қойылды. Кездесуге Сәбит Мұсабекұлының мектеп қабырғасында бастауыш сыныпта  білім берген ұстаздары мен сыныптастастары, жұбайы және мектептің ұстаздары мен  оқушылары қатысты. Кешті қазақ тілі пәні мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Батырбекова Алия жүргізіп, қонағымыздың дара жолдарынан мәліметтер алуға байланысты арнайы сауалдар  қойды. Кездесудің негізгі мақсаты: еліміздің адал азаматы, заң саласында  адал қызмет атқарып жүрген тұлға, асыл жар   бойындағы даналық асыл қасиеттерін оқушы бойына дарыту. Туған елімен Отанына деген сүйіспеншілікті арттыру. Кездесу барысында, кіріспе сөзді мектеп директоры Б.Тлешұлы  алып, қонақтарға  ізгі тілегін білдірді. Кейінгі жас ұрпақ Сіздердің салған дара жолдарыңызды мәңгі есте сақтап, еңбек жолдарыңыздан рухани байлық алатын тұлғалар болатынына сенім білдірді. 

Кездесу барысында  кейіпкеріміздің  өміржолы туралы бейнеролик көрсетіліп, мектеп оқушылары қонақтарға арнап патриоттық әндер мен  ақын өлеңдерінен үзінділер оқыды. Қонақтар өміржолдары, еңбектері, қызметтері, жетістіктері туралы   айтып,   берілген сауалдарға жауап берді. Сәбит Мұсабекұлының ұстаздарына арнайы сөз беріліп, оқушысының  мектеп кезіндегі   сабақ үлгерімдері мен түрлі қызықты қылықтары туралы  айтып өтті. Сабит Мамытбеков өзінің еңбек жолы, отбасындағы ата-ана тәрбиесінің  үлкен ықпалы мен ұстаздардың үздіксіз берген білімі мен тәрбиесінің арқасында осындай жеістікке жетіп отырғанын айтып, өз алғысы мен ізгі  тілектерін білдірді. Кездесу өте тартымды, құндылығы мол, көрермендердің мәңгі есінде сақталатындай дәрежеде өтіп, үлкен алғысқа бөленді. Осындай тәрбиелік маңызы зор кездесулер әлі де  жалғасын табары сөзсіз.



Кітапханашылар: Абашева Ж., Байдәулетова А. 

 



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив