10
февраль
2023
"Өнерімді еліме арнаймын" атты жарқын жүздесу бағдарламасы
Бүгін мектебімізде "Өнерімді еліме арнаймын" атты жарқын жүздесу бағдарламасы өтті.Бағдарлама қонағы айтыскер ақын, додалы жырдың саңлағы, жерлес ақынымыз Мейіржан Жекебаев. Сондай-ақ,Мейіржан Жекебаевтың шығармашылығына арналған бағдарламаға ақындықтың адырнасындай қасиетті қара домбыраға сауыт бұзып, сүйектен өтер жыр жебелерін сүңгітіп тартқан сайдың тасындай сөз сардарлары ,Жекебаев Мейіржанның ұстазы Есет Досалы ағамыз бен ақын Дидар Апбасов та қонақ ретінде қатысып іс-шараның тартымды,қызықты өтуіне ат салысты.Сөз өнерінің кіл мықты шеберлері, майталмандары жиналған кеш әрине айтыссыз өтуі мүмкін емес.Үш ақын қосылып Құлмамбет айтысының үлгісін көрсете,Есет Досалы ағамыз шәкірті Мейіржанға арнау айтып, кешті қыздыра түсті.