01
август
2025
«Мектепке жол» республикалық акциясы
Ақкөз Қосанұлы атындағы № 18 жалпы орта білім беретін мектебі 2025 - 2026 оқу жылында «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы өтізілетінін хабарлайды!
Құрметті ата - аналар, оқушылар және демеушілер! 2025 жылдың 01 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Жақсылық жаса» деген ұранмен мектебімізде «Мектепке жол» республикалық акциясы өтізіледі.
Акцияның мақсаты: аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке қамтылмай қалудың алдын алу.
Құрметті ата-ана! Әр баланың білім алуға құқығы бар. Егер сіздің балаңыз әлеуметтік-материалдық және басқа да себептерге байланысты оқумен қамтылмаса, мектеп әкімшілігіне және әлеуметтік педагогке хабарласуыңызды сұраймыз.
Құрметті демеуші! Осы акция аясында балаларға қаржылай қолдау көрсетіп, жақсы іске үлес қосуға шықарымыз!
Мектептің әлеуметтік қызметкерлерінің байланыс телефондары: 87026543939
87471656204
Жақсылық жасауға асығайық!
