"Саналы ұрпақ- жарқын болашақ" тәрбие сағаттары
Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы білім беретін тірек мектебінің (ро) «Саналы ұрпақ –жарқын болашақ» тақырыбында өтілген іс-шара туралы
Анықтама
Ақкөз Қосанұлы атындағы № 18 жалпы білім беретін тірек мектебінде 2-қыркүйек күні өскелең ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, отансүйгіштік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында 1-7 сынып оқушыларымен «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» тақырыбында білім сабағы өткізілді.
8-11 сынып оқушыларымен бірыңғай «Адалдық сағаты» алаңы ұйымдастырылып, арнайы әзірленген бейнероликтер көрсетілді.
Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Батырбекова А. А мен құқықтық- тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қуанышева Ж.А ,мектеп инспекторы Килебаева Кульзағира сыбайлас жемқорлықтың теріс салдарлары мен олардың алдын алу бойынша елімізде қолға алынып жатқан игі істер мен жетістіктері туралы айтып, арнайы дайындалған лекциямен таныстырды.
Мектеп директоры Б. Т. Бектурганов