1 - қыркүйек Білім күні!
Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы білім беретін тірек мектебінің (ро) «Саналы ұрпақ –жарқын болашақ» атты салтанатты жиынның өтілуі туралы
Анықтама
Ақкөз Қосанұлы атындағы № 18 жалпы білім беретін тірек миектебінде 1-қыркүйек білім күніне арналған «Саналы ұрпақ- жарқын болашақ» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. Жиынға Жамбыл ауылдық округінің әкімі Байбосынов Ербол, аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинат меңгерушісі Бопиева Сапаркүл, ақсақалдар кеңесінің төрағасы Атабеков Атшотбай атай және ұстаздар мен ата-аналар қатысты. Қонақтар мектеп оқушыларын жаңа оқу жылымен құттықтап, толағай табыстар тіледі.
Мектеп директоры Бектурганов Бауржан Тлешович мектеп жетістіктері мен атқарылған жұмыс нәтижелері бойынша сөз алып, барлық жиынға қатысып отырған ата-аналарды, келген қоңақтарды білім күнімен құттықтады.
Биылғы оқу жылында 1-сыныпқа 121 оқушы қабылданды. Салтанатты жиында мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер білім туралы тақпақтарын айтып, би-билеп, көрермендер көзайымына айналды.
Алғаш қоңырау соғу салтанатын 11-сыныптың оқу озаттары Амантай Дәулет пен Отарбек Аяжан орындады.
Мектеп директоры Б. Т. Бектурганов