"Сыңғырла соңғы қоңырау"
«Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиыны
25 мамыр 2017 жылы мектеп алаңы. Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектердің есінде мәңгі өшпейтін күн болды. 11 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына құйып, ұстаздарына анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің мектебімен, әліппеден бастап өмір заңдарына дейін үйреткен ұстаздардың шәкірттерімен қоштасу мерекесі –«Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиын өткізілді. Өнері мен білімін өз бойларына өре білген еліміздің ертеңгі тізгінін қолға алар түлектерімізді және сынып жетекшілерімен құрметтеп, қол соғып қарсы алды.
Салтанатты жиында бітіруші түлектермен осы күннің қуанышын бөлісуге қонақтар шақырылды.
1. Аудандық білім бөлімінің әдіскері:Түсіпбекова Гүлнар Ибрайымқызы
2. Ауданның құрметті азаматы:Атабеков Атчетбай
3.Меркі әкімдігінің мәдениет бөлімінің басшысы: Жантелеев Жұмахан Сихаұлы
4. Жамбыл ауылдық округінің әкімі: Садықбеков Талғат Мақсымханұлы
Рапорт беріліп. Әнұран орындалды.
Осындай қимас шақта өздеріңе арналған алғашқы сөз мектеп директоры
Қалқабаева Асипа Асанқызына берілді
Келесі кезекте 2016-2017 оқу жылын аяқтау туралы бұйрықпен таныстыру үшін сөз кезегі директордың оқу –ісі жөніндегі орынбасары Смагулова Нәзилә Құмарбекқызынаберілді. Балдәурен балалық шақ пен қоштасып, болашаққа қанат қағатын бұл жыл - сіздер үшін ең бір қымбат, ең бір қимас жыл ретінде естеріңізде мәңгілік қалары сөзсіз. Сіздер үшін бүгінгі қағылар қоңырау ендігі сәтте өз өмір мектептеріңіздің білімін ұштап, ел бақыты үшін азаматтық жауапкершілікті алатын күн дей келе «Бақытты балалық шақ» әні орындалды.
Мектебің – алтын ұя жарқыраған,
Ұстазың – бұлақ көзі сарқыраған.
Шыңдалып, шыңға қарай қанат қақтың,
Шарықта, жас қыраным, ақ жол саған.-дей отырып қонақтарға сөз берілді.
Биылғы жылы мектебіміздің алған асуы мол. Оған дәлел шәкірттеріміздің оқу мен тәрбие, спорттық бәсекелердегі шыққан биіктерінен көруге болады деп марапаттау рәсімін бастады.
Бастауыш сыныптың бүлдіршіндері «Көктем» биін биледі. Мектеп бітіруші түлектер кеше ғана оқушы болып мектеп табалдырығын аттаған 1 - сынып бүлдіршіндеріне естелік сыйлықтарын табыс етті.
2 «А» сынып оқушылары «Мектебім» әнін орындады.
Алдарыңнан арман жолы ашылады.
Түлектерге бақыт гүлі шашылады.
Қимастықпен 11 - дің алтын кілтін
Ізін басар сыныпқа тапсырды.
Ортаға мектебіміздің алтын белгі иегерлеріЗауытбек Алдияр мен Атабеков Динаны шақырылып тілектерін айтты.
11сынып түлектері «Қоштасу вальсін» биледі.
Соңғы қоңырау соғу рәсімі 11- сыныптың үздік оқушылары Орынбасар Ерсін мен Болатқызы Айзатпен 1-сынып оқушылары Асан Алдияр мен Аятбек Данаға тапсырылды.