10
февраль
2023
Математика, информатика пән бірлестігінің «Озат әдіс-тәсілдер мен жаңа технологияларды оқыту үдерісінде қолдану арқылы білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» мақсатында айлықтарының ашылуы
Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін тірек мектебінде (ресурстық орталық) математика, информатика пән бірлестігінің «Озат әдіс-тәсілдер мен жаңа технологияларды оқыту үдерісінде қолдану арқылы білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» мақсатында айлықтарының ашылуы болды. Айлықтың ашылуында мектеп директоры Бауыржан Тлешұлы сөз алып, пән бірлестігінің айлығының өтілуіне сәттілік тіледі. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында оқушылар арасында шахмат, шашка ойындары, сөзжұмбақтар мен кроссвордтар шешу, логикалық тапсырмаларды шешу сияқты сайыстар ұйымдастырылды. Оқушылар роботатехникамен жұмыстар жасады. Жеңімпаз болған оқушыларға сыйлықтар берілді. Оқушылар ән айтып, би биледі. Пән айлықтарында өтілетін іс-шаралар туралы пән бірлестік жетекшісі Сейсебаева Раушан таныстырып өтті.