Жемқорлыққа қарсы күрес - заман талабы
Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін тірек мектебі (ро)
Хаттама
Меркі ауылы 17.01.2022 ж.
Тақырыбы: Жемқорлыққа қарсы күрес-заман талабы
Қатысқандар: 9 – 11 сыныптар
Мектеп – әкімшілігі: Мектеп директоры Б.Т.Бектурганов
ДҚТЖО Қуанышева Ж.А.
Мектеп психологы Умирбаева Т.
Мектеп инспекторы: Алишев А
Күн тәртібінде:
- Баяндама: «Жемқорыққа қарсы күрес - заман талабы» ДҚТЖО Қуанышева Ж.А.
- «Адалдық – әдемі келбеті» мектеп инспекторы Алишев А.
Тыңдалды:
1.ДҚТЖО Қуанышева Ж.А.: Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі –сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.
Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру мақсатында мектепте арнайы жұмыс жоспарлары ұйымдастырылып, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру және оқушылар арасында заңдылық пен жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар шараларды жетілдіру, тәртіп орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге тәрбие беріліп отырды, -деді.
2.Мектеп инспекторы Алишев А. Жемқорлықты жеңу- Қазақстан үшін нақты белгіленген мемлекетік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Сол себепті дамыған мемлекеттің жаңа саяси басымдықтарының бірі ретінде сыбайлас жемқорлықпен күресті атап көрсетті. Қоғамның қабілеттілігі, оның ішінде біздің жастарды бақылау, мемлекеттік шенеуніктердің жемқорлық әрекеттерін анықтау және болдырмау жергілікті мәселелерді зерттеудің арқасында артады. Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін қоғамның барлық жігінің жүйелі түрдегі күш-жігері қажет. Осы орайда, оқушылар арасында заңдылық пен жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар шараларды жетілдіру, тәртіп орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге тәрбие беріліп отырғаны абзал, -деді.
Шешімі:
1.Жемқорлыққа қарсы күрес туралы білім теориясы оқушыларға үнемі
түсіндіріліп отырсын.
2.Оқушылар арасында заңдылық пен жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар
шаралары жетілдірілсін.
Хатшы Атымтаева А.